Жолаушы тасымалы жаңа пойызбен толықты

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жексенбі күні «Жолаушылар тасымалы» АҚ қарасты Тальго вагондарынан жасақталған «Нұр-Сұлтан–Нұрлы жол–Алматы-2» бағытындағы №204/203 коммерциялық жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз Нұр-Сұлтан–Нұрлы жол станциясынан 17 шілдеден бастап тақ күндері жөнелтілетін болса, Алматы-2 станциясынан 18 шілдеден бастап жұп күндері жүретін болады. 

Фото Александра Жабчука

Коммерциялық пойыз отандық «Тұлпар» зауыты өндірісінен шыққан су жаңа 26 вагонмен жасақталған. Оның ішінде 17 вагон немесе 306 жатын орындар туристік кластағы вагондар болса, 216 орындық 6 вагон отырып баруға арналған. Екі адамдық бизнес дәрежесіндегі 24 орынға есептелген 2 вагон және бірінші дәрежелі жатын орынды купеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 1 орын бар. Сонымен қатар бір-бірден вагон-бар, вагон-мейрамхана және жүк-багаж вагондары бар.

– Бұл пойыздың вагондары бұрынғы испандық вагондарға қарағанда кең, яғни ені 3200 мм, ал биіктігі 3524 мм. Ішкі құрылымы мен интерьері де қауіпсіздікті, жолаушылардың жүріп-тұруына қолайлы жағдайларды, қызмет көрсететін персоналдың жұмыс істеу және демалу мүмкіндігін, қол жүгін ыңғайлы және қауіпсіз орналастыруды қамтамасыз етеді. Туристік және бизнес-класс вагондары жолсерікті шақыру түймесі, дыбыс деңгейін реттейтін дауыс зорайтқыш, 220 В электр розеткасымен және мультимедиялық порталмен жабдықталған. Порталда жолаушылар фильмдер тамашалап, ал балалар мультфильм, ойындар көре алады. Барлық вагондарда желдеткіш, биотуалеттер бар. Мүгедектерге арналған купесі бар бірінші класты жатын вагондары душ кабинасы санитарлық тораппен, тұрақты және тасымалданатын сатымен, жиналмалы үстелмен, температураны жеке бақылауға арналған құрылғымен, төмен платформаларға шығуға арналған лифтпен жабдықталған. Нұр-Сұлтаннан аттанып бара жатқан пойызда жолаушыларға 28 жолсерік қызмет көрсетеді. Пойыздың жол үстіндегі жүру уақыты 15 сағатты құрайды, – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов.  

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын, яғни билеттерді BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуге кеңес береді. Вагонда орын болмаған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдаланған абзал. Сондай-ақ, әртүрлі сұрақ туындаған жағдайда 1433 нөміріне немесе Instagram әлеуметтік желісі арқылы хабарласуға болады.

Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді