Төретам станциясы - жер кіндігі

Фоторепортаждар
26.11.2019, 09:50
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінде Төретам станциясы өндірістік жұмыс көлемі жағынан екінші класты станция саналады. Жергілікті халық аузында «аспан мен жер арасын жалғаған бекет», «жер кіндігі» ретінде әлемге танылған мекендегі, сырт қарағанда жалпы пішіні жұмбақтау көрінетін бекеттің ел ішіндегі атына сай жұмысы да күрделі әрі жауапты.

Станция іргесіндегі Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілетін арнайы жүктер осы Төретамда түсіріліп-тиелетін болғандықтан бекеттің әлеуеті ерекше саналады. Мұнда жыл басынан бергі уақытта межеленген 226 жүк вагонынан 4029 тонна жүк түсіріліп, 1851 вагонға 98190 тонна жүк тиеліп, бекітілген жоспар толық орындалып отыр.

Төретам станциясының бастығы Нұржан Бекжановтың ұсынған мәліметтерін тарқатып айтар болсақ, төретамдық теміржолшылар 241 вагоннан құрылыс заттарын, 38 вагоннан қауіпті зат, 818 вагоннан мұнай өнімдерін, 187 вагоннан азық-түлік және 567 вагоннан өзге де заттарды түсіріп, тәулігіне 6,81 вагонды жүгінен босатқан.

– Теміржолшылармен күнделікті ауысым алды пысықтау инструктажы өткізіліп, тәулік ішіндегі жұмыс қатаң бақылауда болады. Әр ауысымның аяғында атқарылған жұмыстар жайлы ақпар алынып, келер күннің жоспары түзіліп, тапсырмалар беріледі. Бұл жерде Төретам мен Байқожа бекеттерінің жұмысы қатар құжатталып-хатталатындықтан Байқожа бекетінің жұмысына да бақылау жүргіземіз. Әзірге ол бекетте жүк тиеп-түсіру жұмыстары жүргізілген жоқ, – дейді станция бастығы Нұржан Бекжанов.

Төретамдық теміржолшылар алдағы қыс маусымына толық дайындықпен келген, киім-кешекпен толық қамтылған, еңбекақылары тұрақты беріліп, оған қоса экологиялық, аудандық қосымшалар төленеді. Станцияда жолаушылар пойыздарын кесте бойынша қабылдап-жөнелту бекеттің екі жолында өткізілсе, станциялық, маневрлік жұмыстар, яғни жүк вагондарына жүк тиеу, вагондарды құрастыру секілді станция қызметкерлерінің негізгі жұмысы станциядағы тоғыз жолда атқарылады екен. Пойыздардың станцияға кестемен келіп, уақытылы жөнелтілуін мекеменің тәжірибелі диспетчерлері, диспетчер жанындағы операторлар реттеп отырады.

– Төретам станциясы бойынша ағымдағы жыл басынан бері 226 вагонға 4029 тонна жүк тиелді, олардың ішінде 122 вагонға 1908 тонна метиз, 81 вагонға 1289 тонна әр түрлі құрамды жүк, 4 вагонға 142 тонна химиялық сода, 6 вагонға 126 тонна металл конструкциялары, 2 вагонға 78 тонна мұнай өнімдері секілді заттармен қатар жүк вагондарын пайдаланушылардың өзге де заттары тиеліп жөнелтілуде. Біздер берілген тапсырмаларды орындау үшін тәулікпен санаспай жұмыс жасаймыз және жұмыс барысында әріптестерімнің қауіпсіздігімен қатар жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысының сақталуына аса мән береміз, – деді станция бастығы Нұржан Бекжанов. Үстіміздегі жылдың өткен он айында төретамдықтар вагондарға жүк тиеу, түсіру жұмыстарына белгіленген статистикалық жүктемені өткен жылмен салыстырғанда 138 пайызға орындап шыққан. Бекеттің жұмыс паркіне белгіленген 90 вагон орны 149 вагонға жеткізіліп, меже 165 пайызға орындалған.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?