Текесуда пойыз көбейген

Фоторепортаждар
12.12.2019, 20:55
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкенттің іргесіндегі Текесу станциясы әу баста Қазығұртқа қарасты болған. Кейіннен жеке бөлініп шыққан станцияда бүгінгі таңда 53 адам еңбек етеді. Бірлігі жарасқан ұжымның биылғы он бір айдағы көрсеткіштері көңіл тоғайтады.

Станцияның теміржолшылары өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруда. Атап айтқанда, пайдалану көрсеткіштері, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, техникалық қауіпсіздікті бақылау, тасымалданатын жүктердің сақталымы, еңбек шартының қорғалуы барысында біршама жетістік бар. Әсіресе, станцияның барлық пайдалану көрсеткіштері жоспарға сәйкес тиянақты орындалған, өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылдың көрсеткіштерінде айқын басымдылық бар екені байқалады. Мәселен, жергілікті вагондардың ағыны жоспарда 200 вагон деп көрсетілсе, іс жүзінде 226 вагонға жеткен. Текесу станциясы бір ғана қараша айында тәулігіне 3 пойыздан қабылдап, жоспарды 85% орындаған. Ал жөнелтілетін пойыз жоспар бойынша 4 болғанымен, 5 пойыздан жөнелтіліп, жоспар 125 % орындалды. Осылайша он бір айдың ішінде станция орта тәулікте 4 пойыздан қабылдаған. Статистикалық жүктемеге келсек, ол он бір айда 56,11 тоннаны құрап, жоспарды 100% жеткізген, ал техникалық жоспар 160% орындалды. Тәулік сайын 1 вагоннан жүк түсіру керек болса, нақты түрде 1,6 вагон жүк түсірілген. Жүк артудың он бір айдағы межесі 225 вагон, тоннасы – 12626 құрап, жоспарды 100% орындады. Жұмыс паркі 11 айда 112 вагонды күтіп ұстап, жоспарды 111% орындады. Қазан айында Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бойынша станцияда пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты «Жұмысты дұрыс ұйымдастыру – қозғалыс қауіпсіздігінің кепілі», «Есте сақта, тежегіш табандық – қатаң есепте тұратын мүлік» атты айлықтар өтіп, текесулықтар бұл сыннан да сүрінбей өткен. Ең бастысы, жұмысшылар арасында ешқандай жазатайым оқиға болмаған. «Жұмысшылардың еңбек қорғау және электр қауіпсіздігі жөнінде білімін тексеретін кесте құрғанбыз. Кестеге сәйкес жұмысшылардың білімін тексеріп отырамыз. Ай сайын технологиялық процестерді орындау барысын қадағалау мақсатында кенеттен тексерулер тағы өтіп тұрады. Мұның бәрі де қауіпсіздіктің сақталып, станция жұмысының қалтқысыз болуына бағытталған шаралар. 11 айдың ішінде 27 тексеру, оның 9-ы түнгі уақытта жүргізілді. Сондай-ақ, станцияда айдың әрбір сәрсенбісінде жұмысшыларға арнап жоспардан тыс «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» туралы техникалық дәріс өткізіліп тұрады. Анықталған ескертпелерді жою бойынша шаралар қолданылып, оның орындалуын жеке қадағалаймын. «Абайлаңыз, жолда адам!» ақпараттық жүйесі бойынша станцияда теміржолшылардың ағаттық жіберген жағдайы тіркелген жоқ», – дейді Текесу станциясының бастығы Мәди Абдуллаев. Бұған қоса, станция бастығымен бірге «Қозғалыс қауіпсіздігі күні» шарасы аясында жұмысшылардың лауазымдық міндеті, пойыз қозғалысына байланысты және ДСП білімі, келісімдер регламенті, вагондарды тіркеу, құрастырушы бригаданың жұмысын ұйымдастыру, пойыз және техникалық құжаттар тексеріледі, жұмысшылармен жұмыс орнында әңгімелесу жүргізіледі екен. Жыл басынан бері Текесу станциясы ерекше есепке алатын ақауларға жол бермеген. Тек станцияда 9 ай ішінде пойыз қозғалысына қауіп келтіретін 4 вагон/цистерна ағытылған және жүктерді тиеуде ақау болған екі жағдай ғана тіркелген. Олар №3601 пойызды өңдеу барысында керосин артылған 73037186 вагоннан сұйықтық аққан. Вагон ағытылғаннан кейін «Қазығұрт-ЮГ» ЖШС-не беріліп, сұйықтық басқа вагонға ауыстырылып құйылған. Сондай-ақ, Арыс станциясынан бет алған вагоннан бензин аққанын байқаған теміржолшылар оны да дер кезінде ағытып, Қазығұрт станциясына жөндеуге жібереді. Мұнда да вагондағы сұйықтық өзге вагонға ауыстырылған. Шымкент ЖТ бөлімшесі басшысы Е.Ермановтың бұйрығы бойынша «Ашық вагондармен ерекше режимде жұмыс істеу» айлығын өткізген.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?