Оазис станциясының оң өзгерістер

Фоторепортаждар
28.01.2020, 08:29

Маңғыстау темір жолының Қарақалпақстанмен шектесетін тұсында орналасқан Оазис станциясы – көп жыл Өзбекстан теміржолының қарамағында болып, Қазақстанға бертінде ғана өткен бекет.

Шекарадағы ең соңғы нүкте болғандықтан түбек теміржолы үшін маңызы зор. Себебі, осы бекетте жолаушылар пойыздары аялдап, толықтай кедендік, шекаралық қызметтердің тексеруінен өтеді.

Ал жүк пойыздары көрші мемлекеттің Қарақалпақстан атты станциясында аялдап, қабылдап алынады. Жолаушылар пойыздарының қатарында Душанбе-Мәскеу, Худжанд-Мәскеу, ТашкентСаратов, Бейнеу-Мискин бағытындағы жылжымалы құрамдар бар. Олардың бәрін көршілес елдің темір жол әкімшілігі шығарып отыр. Ал Қазақстан тарапынан Бейнеу-Мискин пойызына Маңғыстау-Қоңырат және Қоңырат-Ақтөбе бағытында қосымша вагондар тіркеледі.

Бесінші класты Оазис бекетінің бастығы Амангелді Салиевтің айтуынша, кешеге дейін басты мәселе ғимараттың жөндеу күткен шатыры болатын. Сол мәселе өткен күзде шешімін тауыпты. ЭЦ қосыны ғимаратының төбесінен көптен бері су ағып, жұмысшылардың мазасы кеткен еді. Мұны Маңғыстау ЖТ бөлімшесі басшылығы кезекті комиссиялық тексеру барысында байқаған.

Соның салдарынан ғимаратта орналасқан құрылғыларға, атап айтқанда, реле, статив, көрмепультіне су өтіп, ақаулар туғызбау мақсатында олардың үстіне су өткізбейтін целлофан плёнкасы жабылған екен. Жаңбырлы күндері бұл ғимарат іші үлкен шалшыққа айналады, ал қабырғасы мен төбесі шашырап түсіп, көгеріп кететін болған. Филиал директоры Нәжімеден Ғұбашовтың шешімімен толық жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

Станция бастығы Амангелді Салиев, белгі беру және байланыс дистанциясының аға электрмеханигі Нұрсұлтан Әбдіқалықов, электрмен жабдықтау дистанциясының телім бастығы Айтқали Аманов және жол дистанциясының бас инженері Асқар Мұқановтың басшылығымен бекет теміржолшылары жұмыла әрекет етіп, төбе шатырын жөндеуден өткізіп, ғимараттың ішкі бөлмелеріне косметикалық жөндеу жұмыстары да жүргізіліпті. Бекетте 4 кезекші еңбек етеді.

Пульт табло арқылы жол қозғалысын басқарып отырған олар тәулігіне бекеттен 7-8 пойызды өткізеді екен. Оазистен 23 км жерде орналасқан Ақжігіт станциясын да басқаратын Амангелді Салиевтің станцияда байланыс жүйелері де жаңартылып жатқанын айтады. «Транстелеком» мекемесінің мамандары керекті жабдықтарды әкеліп қойған.

Таяуда жаңарту жұмыстары жүргізілсе, Оазистен кез келген жаққа тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі туады, сонымен қатар ұлттық компанияның railways.kz өзара ішкі желілік жүйесі де осында іске қосылады. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?