Хантауда да қайырлы істер бар

Фоторепортаждар
27.01.2020, 19:54
Асхат Райқұл

Жамбыл облысы аумағының төрттен бір бөлігін алып жатқан Мойынқұм ауданында Хантау деген станция бар. Сонау елуінші жылдары іргесі қаланған Хантау станциясы екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылды асырап отыр десек болғандай.

Хантау станциясының бастығы Халим Есетай әңгімесін өткен тарихтан бастады.

«Бір замандарда аты да, заты да дүркіреген Хантау еді. Азаттығымыздың алғашқы жылдары тұралап қалғанымыздың несін жасырайын, менің бұлай сөйлеуімнің жөні де бар. Өйткені, бұл станцияға 1983 жылдан бері басшылық етіп келемін. Осы саланың отымен кіріп, күлімен шығып жүргеніме қырық бес жылдың жүзі болды», – деген Халим Сәрсембекұлы 1995 жылы Хантаудан ашылған цемент зауыты станцияның тамырына қан жүгірткенін айтады.

Яғни, аталған зауытпен бірге станцияның да жұмысы қайта жанданған. Ауыл тұрғындары «екі қолға бір күрек» тауып, ақжарылқап күн туған. Зауытқа келетін шикізатты қабылдап алады, зауыттан шыққан дайын өнімді еліміздің әр түкпіріне теміржолмен жөнелтетін болған.


«Уақыт деген өзгермелі ғой, әрнәрсенің шарықтау шегі мен дәурені бітетін кез болады. Екі жарым жыл бұрын әлгі цемент зауыты жұмысын тоқтатты. Теміржолдан нәпақасын айырып жүрген жүзден астам адамның көңілдері түсіп қалғандай еді. Көп ұзамай іргемізде асфальт зауыты ашылып, ісіміз қайтадан жалғасты», – дейді Халим Есентай.

Төртінші класты Хантау станциясында жұмыс істейтін төрт кезекші, төрт пойыз құрастырушы, үш жүк қабылдап алушы, бір тауар кассирі бар, өзге де теміржолшылар асфальт зауытына келетін цемент, мазут, минералды ұнтақтар, шағыл тастар сын ды өнімдердің әрқайсынан ай сайын 20-25 вагон қабылдап алып, тиісті нысанға жеткізеді.

Ол вагондардың әрқайсысы 70-80 тоннаны құрайды. Ал зауыттан өндірілген цемент былтырдан бері жүзеге асып жатқан іргелі жоба – Меркі-Бурылбайтал тасжолына пайдаланылуда екен. Халим Сәрсембекұлы қысқы маусымда зауыт жұмысының аз-маз саябырсып қалғанын, бірақ көктем шыға қайта жанданатынына сенім білдірді. Ал қазіргі таңда мұндағылар қар тазалау жұмыстарымен, станцияның ішкі шаруаларымен айналысуда. Мойынты-Шу теміржолымен ары-бері өтетін пойыздарды қарсы алып, шығарып салып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Жалпы, станцияда еңбек ететіндердің дені – бүкіл еңбек жолын осы салаға арнаған жергілікті теміржолшылар. Жастардың тәлімгері Амандық Есентаев – солардың бірі.

«Хантауды анау заманнан асырап келе жатқан осы болат жол ғой. Әркезде де ісіміздің оңынан туып, ілкімді шаруалардың атқарылуына мүдделіміз. Кейінгі жылдары саладағы жаңалықтар, жаңа техникалар, жастардың көптеп бет бұра бастауы саланың болашағы зор екенінен хабар беріп бізді қуантады», – дейді байырғы теміржолшы. Мойынқұмның түкпіріндегі Хантау станциясының бүгінгі тыныс-тіршілігі, міне, осындай! 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты