Ерекше жұмыс тәртібіне көшті

Фоторепортаждар
07.04.2020, 11:03
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының басшылығына Қайрат Төрединовтің тағайындалғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Теміржолшылар әулетінің мүшесі, жасынан болатжолмен біте қайнасып өскен ол бұған дейін қозғалыс саласында мол тәжірибе жинақтап, станция басшылығына дайын маман болып келді.

Келе сала өзгеріс жасауға ұмтылған жоқ, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, оған кедергі болатын кез келген нәрсенің алдын алудан бастап әр теміржолшының өзіне бекітілген кәсіби жүктемені кемшіліксіз, нақты белгіленген уақытта атқаруына ғана талапты күшейтті. Атқарылған жұмыстарға керекті анализ жасау арқылы оның тиімді тұстарын жетілдіру, үздік тәжірибені насихаттау секілді жұмыстар күнделікті күн тәртібінен түспеді.

– Жұмыс орнын тексеру, қауіпсіздік күнін өткізу сынды жұмыстар шын мәнінде теміржолшының жеке басының амандығын сақтау, пойыздардың қозғалысына төнетін қауіптің алдын алуға бағытталатынын бәріміз жақсы түсінеміз. Алайда тапсырылған жұмысты орындау барысында кейбір талап ұмытылып кетеді де оның ақыры кейде орны толмас оқыс жағдайға жеткізеді. Сондықтан адам факторының амандығы үшін бақылау, тексеру жұмыстары бекітілген қатаң графикпен, кейде тосыннан жүргізіледі, – дейді станция бастығы.

Мысалы, станцияда түн мезгілінде 33 рет, күндізгі тосын тексеру 24 мәрте жүргізіліп 30 кемшілік анықталып, оларды түзету кестесі белгіленіп, арнайы шара қолданылған. Сонымен қатар, қауіпсіздікті арттыру мақсатында сөйлесу регистратор 72 рет тыңдалып, сөйлесу кезінде жіберілген 48 кемшілік анықталып, 25 дисциплиналық шара қолданылған. Кемшілікке орын берген теміржолшыларға 2 ескерту, 2 сөгіс беріліп 1 рет талоннан айыру жазасы қолданылған. Және де өткен жылы 36 рет өткізілген «қауіпсіздік күні» 66 кемшілікті анықтап, жыл басынан бері станциялық жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, сигнал беру құрылғыларын, орталықтандыру, байланысты бұғаттау және контактілі жүйе құрылғыларына жүргізілген комиссиялық тексеру де қыруар кемшілікті анықтап, олардың дер кезінде жойылды белгіленген. Станцияның жыл басынан бергі жұмыс көрсеткіштері жаман емес. Алғашқы айда 158 вагонға жүк тиеу жоспарын 162 вагонға жеткізіп, 102,0 пайызға, ал 10 198 тонна жүк тиеу межесін 10 501 тоннаға жеткізіп жоспарды 102 пайызға орындады. Есепті мерзімде 631 вагоннан 33 607 тонна жүк түсірілген. Осы үрдіспен өндірістік жұмыс көрсеткіштерін жоғары деңгейде орындауды жолға қойған станциялықтардың ырғақты жұмысына елдегі қауіпті індетке байланысты жарияланған карантин кедергі келтіргені жасырын емес. Бұрынғы жөңкілген жүк тасымалы кілт саябырсып, бірінші орынға теміржолшылардың жеке бас амандығы мен қауіпсіздігі шықты. Осыған байланысты станция бастығы жұмыс орындарындағы еңбек тәртібін қатаңдатып, техникалық қауіпсіздік пен қозғалыс қауіпсіздігін және жұмысшықызметкерлердің жеке бас қауіпсіздігін арттыруға тиісті кешенді шаралар қабылдап, қадағалауды күшетіпті.

– Коронавирус карантиніне байланысты бүгінде станция басшылығы кезекшілікке қойылып, сол бойынша ерекше жұмыс тәртібіне көштік. Екі тауар кассирін қашықтан жұмыс жасауға көшірдік және ол үшін барлық жағдайды жасадық, қажеттілікпен қамтамасыз еттік. Белкөлден келетін бірнеше оператор мен пойыз құрастырушыларды, тауар кассирлерін бір ауысымға қатар қойып, жеке көлігі барлардың жанына қосып, ықшамдадық. Бір жерге екі үш адамнан артық топтас-пау, тіпті бірбіріне қажеттілік болмаса жақындамау тәртібін жолға қойдық. Қажетті бетперде, антисептик, тағы басқа дизинфекциялау құралдары таратылды, – деді Қайрат Жангелдіұлы.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда