Балқаш станциясы: жетістік те, кемшілік те бар

Фоторепортаждар
11.04.2020, 12:14
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Әлемге дүрбелең салған лаң елімізді айналып өтпеді. Қазір короновирус індетімен қазақстандықтар да барынша күресуде. Жолаушы пойыздары қаңтарылып, қатынас тоқтаған. Бірақ, жүк тасымалдаушы жылжымалы құрамдардың жұмысына тоқтау салынған жоқ.

Жүк шаруашылығымен тікелей байланыстағы станциялар мен ондағы теміржолшылардың толассыз жұмыс үдерісін Балқаш станциясы алға тартқан мәліметтерден айқын аңғаруға болады. Үстіміздегі жылдың үш айында Балқаш станциясынан 4368 вагонға 273 669 тонна жүк тиеліп, статистикалық жүктеме 62,65 бірлікке орындалған. Станциялықтар вагондарға шаққандағы жүк тиелімінің жоспарын 2697 вагонға артық орындап, межені 267 %-ке, ал өткен жыл көрсеткішінен 23%-ке асыра орындап отыр. Тоннаға шаққандағы тиелім тапсырмасы да 173613 тоннаға немесе 273%-ке орындалып, былтырғы жоспардан 23%-ке асып жығылған. Сәйкесінше, статистикалық жүктеменің де жоспар үдесінен 5%-ке, ал өткен жылдан 1%-ке артық шыққанын көреміз. Алайда, жүк түсіруде мұндай жетістік жоқ. Жоспар көрсеткіші кері кеткен, әу баста межеленген тапсырма 1920 вагонға орындалмаған. Оның себебін мамандар станцияға жүк келуі азайып кеткенімен түсіндіріп отыр. Вагондардың жұмыссыз тоқтап тұруына келсек, жергілікті вагонның жүк операциясына берілгенге дейін кідіріс уақыты 3,83 сағат болса, нақтысында ол 3,09 сағатты құраған.

Ал жүк операциясы кезінде тоқтап тұру уақыты 15,74 сағатқа шамаланса, шын мәнінде ол 9,52 сағатты құраған. Бұдан кейін жөнелтуді күтуге 8,29 сағат бөлінсе, ол нақтысында 7,49 сағатты құраған. Сөйтіп, станция ұжымының қозғалыс жұмысын ұтымды ұйымдастыруының нәтижесінде 7,76 сағатты үнемдеуге қол жеткізілген. Бір жүк операциясы кезінде вагонның тоқтап тұруы 8,20 сағатқа қысқартылып, жоспар 142 %-ке орындалған. Өңдеуді қажетсінбеген транзиттік вагондардың кідірісінде 0,27 сағат үнемделсе, өңдеуден өткен транзиттік вагондардың тоқтап тұруы барысында да 0,9 сағатты үнемдеуге қол жеткізілген. Вагонайналымына келсек, 2177 вагон айналымы жоспарды114%ке орындауға мүмкіндік берген.

- Ай сайын бекітілген жоспарға сәйкес Балқаш-1 станциясында пойыздар қозғалысымен байланысты қызметкерлерге 4 топ бойынша екіекіден техникалық сабақ өтеді. Осы жолы, наурыз айында жоспарланған 8 сабақтың орнына 4 сабақ өтті. Елдегі төтенше жағдайға байланысты техникалық сабақтар онлайн режім де өтті және дистанциялық оқуға ауыстырылды. Техникалық сабаққа қатысушылардың қамтылуы 100 %-ды құрайды. Біздің станцияда да короновирус індетінің таралуын болдырмау, алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылданды. Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты 54 жастан асқан қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Ал тікелей пойыздар қозғалысымен байланысты жұмыс істейтін теміржолшылар бұрынғыдай еңбек тәртібімен жұмыс істеуде. Олардың барлығы бетпердемен, резеңке қолғаптармен қамтамасыз етілген. Антисептиктер орнатылған. Сақтық шараларын сақтау қатаң бақылауға алынған. Медицина қызметкерлері де әдеттегідей жұмыстарын атқарып, қызметкерлерді ауысымға түсер алдында және жұмыстан шыққанда тексеруден өткізіп, барлық қауіпсіздік шараларын жасауда. Десек те, әрбір адам оның денсаулығы өз қолында екенін есте сақтап, жауапкершілікті жоғалтпағаны жөн, – деп ой бөліседі Балқаш станциясының қызметкері Оксана Глазкова.

Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды