Шығанақтың шаруасы шайқалған жоқ

Фоторепортаждар
22.05.2020, 12:29
Асхат Райқұл

Балқаш көлінің жағасында орналасқан Шығанақ станциясы негізгі магистральдың бойында жатыр. Күніне оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа арылы-берілі ағылған құрамдардың шеті де, шегі де жоқтай.

Бүгінгі короновирус пандемиясына байланысты орын алған карантиндік шектеу шараларына қарамастан Шығанақтың шаруасы шайқалған жоқ.

Алайда, жүк тасымалы біршама азайғаны байқалды. Станцияда 17 теміржолшы күндіз-түні ауысыммен қызмет етіп, қозғалыс қауіпсіздігін толық қамтамасыз етіп отыр.

Станция бастығы Қалпақбай Сүйесеновтің айтуынша, пойыз құрастырушы, станция кезекшісі, пойыз қабылдап-жөнелтуші, тауар кеңсесінің қызметкерлері, бәрі де іс-тәжірибелері жеткілікті мамандар. Сондықтан жолаушы тасымалы тоқтағанмен, станция жұмыс өнімділігін жоғалтқан емес.

– Біз ең алдымен қауіпсіздік мәселесіне мән береміз. Әсіресе, бүгінгідей қауіп-қатерлі кезеңде адамдардың амандығы бәрінен жоғары тұруы тиіс. Жалпы, соңғы он бес жыл көлемінде станция аумағында ешқандай төтенше оқиға орын алмағанын мақтанышпен айта аламыз, – дейді Қалпақбай Тілеубайұлы.

Қазіргі таңда станциядан 10-15 жұп жүк пойыздары өтеді екен. Ал төтенше жағдайдың алдында 25 жұпты құрайтын болған.

Десе де жол құрылысына қажетті жүктердің көлемінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Жекелеген компаниялар ай сайын 15-20 вагон шағылтас, цемент сынды құрылыс материалдарын жөнелтіп отыр екен.

– Бүгінде станцияда 475 вагон қаңтарылып тұр. Жағдайға байланысты біз станция аумағынан өтетін негізгі жүктің қатарына жататын барит концентратын айына 10-ақ вагоннан жөнелтіп отырмыз. Карантин басталмай тұрғанда ай сайын 300 вагонға дейін өткізетін едік. Демек, әлемді жайлаған қауіпті індет көп шаруаға кесірін тигізді деп білемін. Алайда, экономиканы көтеруге бағытталған шаралардың арқасында қызметкерлеріміздің жалақысы сақталып, тұрақты жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті Қ.Сүйесенов.

Станция кезекшісі Гүлнара Кармозова карантин режімі кезіндегі жұмыс жүктемесінің азаюы жұмысшылардың айлық жалақысына ешқандай әсер етпегенін растап отыр.

Сонымен қатар мұнда індеттен қорғану үшін Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінен жүзден астам көп реттік қорғаныш маскасы, он литрдің шамасында антисептик, өзге де медициналық бұйымдар жеткізіліп, толықтай таратылған.

– Біз төтенше жағдай режімі кезінде тиісті талаптарды толық сақтап жұмыс істедік. Бұл індеттен де құтылатын күн туатынына сенімдімін. Қалыпты тіршілігімізге қайта оралатын күн жақын. Өйткені, қазірдің өзінде біршама шектеулердің алынып тасталғанын көріп отырмыз. Маусым айының алғашқы күнінен жолаушылар пойызы жүре бастайды деген хабар тарады күні кеше ғана. Демек, станциямызға қайтадан қан жүгіріп, жан бітеді, – деді Гүлнара Кармозова.

Станция орналасқан Шығанақ елдімекенінде 800-ге тарта түтін бар. Ауылдың негізгі күн көрісі – балық шаруашылығы. Теміржолдың бойынан нәпақасын айырып жүргендер де аз емес.

Станция ғимаратының іргесі кеңес заманында қаланғанымен, сүйегі мықты, апатты жағдайда емес. Теміржолшылар жыл сайын ағымдағы жөндеуден өткізіп, күтіп-баптап отырады.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты