Кешегі және бүгінгі Сай-Өтес станциясы

Фоторепортаждар
10.06.2020, 12:35
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Сай-Өтес станциясы үшінші класты шағын бекет саналады. Бірақ №6,7 бекеттер де қарайтын станцияның жұмыс ауқымы аз емес. Станция үстімен күніне бес жұп жолаушы пойызы, екі-үш жұп жүк пойызы өтеді. 

Станция бастығы Ерлан Нұрмолдиннен басқа станция кезекшісі, пойыз құрастырушы, жүк кассирі, жүк қабылдапжөнелтуші бар – барлығы он-он бес адам еңбек етеді.

Станция бастығы, әсіресе станция кезекшісі Бердімұрат Дүзелбаев, пойыз құрастырушы Әби Өткелбаев, жас маман Бағдат Арықбаевтардың есімін ерекше атап өтті. Ал Ерлан Нұрмолдиннің өзі жайлы айтар болсақ, оның атын Сай-Өтес станциясынан бөліп қарастыруға болмайды, – дейді әріптестері. Өйткені оның өмірінің 36 жылы осы станцияда өтіпті.

Соның соңғы 26 жылында станцияны басқарып отыр.

Сай-Өтес станциясына 1984 жылы пойыз құрастырушының көмекшісі болып келген Нұрмолдин – уақыт өте келе пойыз құрастырушы, станция кезекшісі болып сатылай өскен теміржолшы. 1994 жылы станция бастығы болып тағайындалып, күні бүгінге дейін тапжыламай атқарып келеді.

− Жалпы теміржолдағы жұмысты 1978 жылы Атырауда жол монтері болып бастағанмын. Ең алғашқы жұмыс орным – Сағыз ауылындағы Мақат жол дистанциясы. Содан оқуға кеттім. Алдымен Атыраудағы теміржол техникумын, сосын Алматыдағы көлік академиясын бітірдім. Теміржол жағасында өскесін барлық балалар секілді мен де жастайымнан соған бейім болдым. Ата-анам мұғалім болды. Отбасындағы тоғыз баланың екеуі теміржолды таңдадық. Дегенмен, қазір қатарымыз көбейіп келеді. Балаларым да осы салада. Інім Дархан Нұрмолдин Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде бөлімше бойынша кезекші. Қысқасы, бұл кәсіп біздің отбасымызға құт әкелді. Соның арқасында әйелім Мания екеуміз төрт баланы ешкімнен кем қылмай өсіріпжеткіздік. Бәлкім, бұл жолды келешекте өсіп келе жатқан немерелерім де жалғар, кім білсін?, – дейді Сай-Өтес станциясының бастығы Ерлан аға.

Бүгінде кейіпкеріміздің екі ұлы Маңғыстау теміржолында еңбек етеді. Үлкені Данияр Нұрмолдин Бейнеу станциясы бастығының орынбасары болса, кішісі Дарын – №6 бекетте бекет кезекшісі.

«Әке көрген оқ жонар» демекші, екеуі де өз ортасына сыйлы, жұмысына жауапты мамандар. Олар ғана емес, Ерлан Нұрмолдиннен тәлім-тәрбие алып, шыңдалып шыққан талай шәкірті бүгінде түбек теміржолының түкпіртүкпірінде өз міндетін абыроймен атқаруда.

− Жұмыс басқаруды, жалпы, біраз нәрсені түбекке белгілі тұлға, Құрметті теміржолшы Табылды Әміровтен үйрендім. Кейін мен де оқыған-тоқығанымды өзімнен кейінгі буынға беруге тырыстым. Жақында №2 бекет кезекшісі Майгүл Тауманова осы газетке шыққан мақалада мені ұстаз санайтынын айтыпты. Оқып, төбем көкке жетіп қуандым. Сол секілді біреуге ұстаздық еттім деп айта алмаймын, олар өздері солай атап, менен пайдалы бір нәрсе түйген болса қуанамын. Осы жылдар ішінде алдымнан талай жас өтті.  

Бәріне ағалық ақыл айтып, білгеніммен бөлістім. Бүгінде олардың жетістіктерін көрсем өзім жеткендей боламын. Сондай жастардан қазір Маңғыстау теміржол бөлімшесінде жұмыс істеп жүрген Бауыржан Мырзабаев, Алшын Ұзақбаев деген жігіттер есіме түсіп отыр, – деп еске алады ол.

Сай-Өтестің кешегісіне де, бүгінгісіне де куә жан ол кез бен бұл кездің айырмашылығы жер мен көктей дейді. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдарда көп өзгеріс болыпты. Станциялықтар да талай сынақтарды еңсеріпті. Нағыз теміржолшының темірдей төзімгі сынға түскен талай оқиға болыпты.

− Сай-Өтес станциясында жұмыс бастағанымда мұнда тек үш жол бар еді. Пойыздарды қабылдап-жөнелтетін сол үш жолмен бүкіл жұмысты жүргіздік. Маңғыстауға қиғаш су құбырын тартып жатқан кез-тұғын.

Мен пойыз құрастырушымын. Соған қажетті күнделікті келген вагондардың жүгін түсіргесін қайтадан тіркеу, ағыту деген дей жұмыстарды істедік. Онда станция мен №8 бекет аралығында «Талкаш» дейтін тепловоз жүрді.

Жол аз болғасын станцияның басы пойыздан босамайтын. №8 бекетпен аралықтағы қос жол жоқ. Үнемі пойыздар кептелісі. Сондай бір тығыл-таяң күндер еді. Мен ДС болғаннан кейін де жағдай мәз еместі. Тоқырау жылдарын көрдік. 1994 жылдан 2000 жылға дейін талай қиындықтарды бастан кештік. Тепловоздар ескі.

Пойыздарды қабылдап-жөнелтетін жол аз. Басқару аппараты ескі. Штат жоқ. Жұмысшылардың көбі қысқартуға ұшыраған. Кадрларды қысқарта-қысқарта, мысалы, пойыз құрастырушыда төрт ауысыма тек бір адам қалған. Станция кезекшісінің жұмысының көбі қолмен жасалды. №8 бекет жабылып қалды. №9 бекетпен Сай-Өтестің аралығы 29 шақырым. Осы екі ортада пойыз жоғарыға шығады, 18 мың уклон.

Пойыздардың бәрі Сай-Өтес станциясына қаңтарылып тұрып қалады. Солай тұрғандықтан пойыздарды қабылдап-жөнелту арасында келген жүкті ағыту, тепловозды ауыстыру сияқты жұмыстар көп атқарылды.

Сондықтан сол мезгілдерде станциядағы жұмыстың өзіндік ауырлығы болды. 2008 жылға қарай осы қиындықтарды жою үшін №9 бекет пен Сай-Өтес аралығына екі қос жол жасалып, қарама-қарсы пойыздар жүре бастады. Сонан соң ғана станция жұмысы едәуір жеңілдеді.

Ал кадр мәселелері 2000 жылдары ғана шешіле бастады. Бертін келе жаңа құрылғылар да келіп, қолымыз біраз ұзарып, жырғап қалған жоқпыз ба, е қарағым, біз не көрмедік... – деген ардагер теміржолшы ауыр күрсініп алды.

Қазір баяғы Сай-Өтеспен салыстырғанда мұндағы жағдай аспан мен жердей. 2008 жылы станцияның жаңа ғимараты бой көтерген. Жолдар салынып, пойыздарды қабылдап жөнелтуге арналған жолдың саны алтыға, қосымша жолдар тоғызға жеткен. Ескі басқару аппараты жаңартылып, МПЦ компьютермен орталық электрлік басқару енгізілген. Өзге де жаңа қондырғылар орнатылған. Станция жаңа жас кадрлармен толыққан.

ҚТЖ келбеті
06.06.2025
Шоқпардан шыққан теміржолшы
Қауіпсіздік
06.06.2025
«Назар аудар, өткел!»: Маңғыстауда жол қауіпсіздігіне арналған айлық өтті
Станция тынысы
06.06.2025
Жаңаесілдің жұмысы жандануда
Аймақтар
06.06.2025
Жамбыл теміржолшылары цифрлық жүйелер бойынша білімін жетілдірді
Жаңалықтар / Мұрағат
06.06.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 06 маусым 2025 жыл
Жүк тасымалы
05.06.2025
ҚТЖ өткен жылыту маусымында 70 млн тоннадан астам көмір тасымалдады
Жаңалықтар
05.06.2025
Қазақстан Транскаспий көлік бағытының дамуына қосатын үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
05.06.2025
Теміржол тарихына саяхат: студенттерге арналған ерекше экскурсия
Аймақтар
05.06.2025
Жол жаңарады – қауіпсіздік нығаяды
Әлеумет
05.06.2025
«Тең қоғам» темір жолда да өзекті
Әлемде
05.06.2025
Түркия өздері өндірген электр локомотивтерін іске қосты
Жаңалықтар
04.06.2025
Теміржолшылар мемлекеттік тілді қаншалықты біледі?
Жүк тасымалы
04.06.2025
Nurminen Logistics Қазақстанға автокөлік бөлшектерін Транскаспий бағытымен тұрақты түрде жеткізуді бастады
Инфрақұрылым
03.06.2025
Алматы айналма темір жол торабы жүктемені 40% түсіреді
Жүк тасымалы
03.06.2025
Сианнан Алматыға: Zhetysu жаңа контейнерлік терминалы алғашқы контейнерлік пойызды қабылдайды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2025
Елорда вокзалында бес миллионыншы жолаушыны салтанатты түрде қарсы алды
Аймақтар
03.06.2025
Қазақ-қырғыз теміржолшылары Түрксіб түйіскен тұстағы түйткілдерді талқылады
Аймақтар
03.06.2025
Көктемгі сын нені көрсетті?
Қауіпсіздік
03.06.2025
Дала өртіне даярлық жоғары
Аймақтар
03.06.2025
Жаңа депо іске қосылды