Сақтық шаралары - жеке бас қауіпсіздігі

Фоторепортаждар
29.07.2020, 09:27
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесіндегі Белкөл станциясының теміржолшылары жылдың алғашқы екі тоқсанында пойыздық, маневрлік жұмыстар кезінде және кірме жолдарда жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуының ешқандай түріне жол бермеген.

Олар жылдың алты айында 433 вагонға 18785 тонна жүк тиеп, 1199 вагоннан 67895 тонна жүк түсірген. Станция бастығы Мақсат Жүсіпов карантиндік жағдайға қарамастан тапсырылған жұмыстардың уақытылы орындалып жатқанын білдірді.

– Жылдың алты айында өндірістік жұмыс көрсеткіштері 74,5 пен 126,6 пайыз аралығында орындалды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмендеу, әрине. Оған тікелей себеп болып отырған аймақтағы эпидемиялық ахуалдың жайы. Қазіргі карантин уақытында барлық сақтық шараларының қатаң сақталуын қадағалап жұмыс жүргізетін теміржолшылар жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілген. Жұмыс алды пысықтау инструктаждары кезінде, жұмыс барысында өзге мекеменің теміржолшыларымен және клиенттермен сөйлесуге мәжбүрлі жағдайда сақтық шараларын ұстанудамыз. Теміржолшылардың жеке басының амандығы үшін олардың жұмыстары мүмкіндігінше шеттетілген жұмыс жүйесімен атқарылуына күш салынуда, – дейді станция бастығы Мақсат Өмірбекұлы.

Белкөл бекетінің теміржолшылары маусым айында көрсеткіштерді асыра орындағанымен вагондарға жүк тиеу, жүк түсіру жұмыстарының орындалу ауқымында бекітілген межеден төмен көрсеткіш байқалады.

Дегенмен, теміржолшылар пойыздарды уақытылы жөнелту жұмыстарында кемшілік жібермей, вагон паркінің сақталуын нысанада ұстап, паркте рейдтік жұмыстарды тұрақты жүргізген. Рейдтік тексеру кезінде 99 вагон бөлшектерінің толық еместігі анықталып, ГУ-23 формасында акт түзіліп, ВУ-15 журналына тіркелген.

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру және теміржолшылардың еңбек және техникалық қауіпсіздігі шаралары барысында бекет басшылығы тарапынан бақылау жүргізілуде. Басшылық құрам өздеріне белгіленген график бойынша жыл басынан бері әр айда жұмыс орындарында кемінде екі мәрте тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктердің дер уақытында орындалуына бақылау жасаған.

Станциядағы «Қауіпсіздік күні» шаралары кезінде 9 рет тексеру ұйымдастырылып, 11 кемшілік анықталып, оларды жою жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар жұмыстың өнімділігін арттыру, еңбеккерлердің кәсіби жауапкершілігін шыңдау мақсатында инструктаждар өткізілген. Белкөлдіктердің жұмыс барысында сөйлесу регистраторы MSR тексеріп тыңдау кезінде 6 кемшілік анықталып, жауапты тұлғаларға ескерту жасалынған.

№561-Ц бұйрығына сәйкес, бекеттегі теміржол нысандарын станциядағы өзге де құрылымдық мекеме өкілдерімен бірлескен айлық комиссиялы тексеру кезінде станциялық жолдар, құрылғылар, қауіпті жүк тиелген вагондардың жиынтық тұру жолдары қатаң бақылаудан өткізіліп, алты айда 404 кемшілік анықталған екен.

48 кемшілік дер кезінде қалпына келтірілсе, 164 кемшілік бес тәулік ішінде, 151 кемшілік он күнге дейін уақыт аралығында және 41 олқылық он күн ішінде орындалуы тиіс деп белгіленіп, орындалуы жауапты тұлғалар тарапынан қатаң бақылауға алыныпты.

– Бекет жұмысының нәтижелі болуына кәсіби тұрғыда атсалысып жүрген теміржолшылар қатарында жүк қабылдап-тапсырушылар Әсемгүл Жақсылықова мен Айнагүл Балмырзаеваны, парк кезекшілері Мұрат Бадрақов пен Қыдырбай Бұлтабаевты, пойыз құрастырушылар Ғабит Сайранов пен Бағдат Жахановты айрықша атап өтіп, алғысымды жеткіземін, – дейді станция бастығы Мақсат Өмірбекұлы. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?