Бірлік-1 станциясындағы берекелі тірлік

Фоторепортаждар
10.09.2020, 16:26
Асхат Райқұл

Шу мен Шығанақты жалғап жатқан шағын ғана Бірлік-1 станциясы үш торапты да біріктіріп жатыр. Мұндағы шойын жол Шу, Шығанақ, Отар бағыттарына тартылған. Іргеде «Шатыркөл» кен орнының тіршілігі жылдың төрт мезгілінде де қыз-қыз қайнап, станциядағы негізгі тасымал көзі болып отыр.

Осы кәсіпорыннан шыққан мыс рудасы Бірлік-1 станциясы арқылы түу Балқашқа жөнелтіледі. Балқаштағы өңдеу зауыты бұл шикізаттан түрлітүсті металл шығарады. Станциядан орта есеппен ай сайын 800 вагонның шамасында мыс рудасы тиеледі. «Өткен айда 870 вагон арттық, оның алдындағы маусым айында 820 вагон тиеген болатынбыз», – дейді жұмысын бес саусағындай білетін станция басшысының орынбасары Нұрмұхамет Киекпаев. 

Демек, әлемдік экономиканың тізесін дірілдеткен пандемиялық төтенше жағдай мен карантин режимі бұл ұжымдардың шаруасына кесірін тигізе қоймаған. 

Бірліктің тірлігі қазіргі жиын-терін маусымында тіпті қызып тұр. Жергілікті Шу өңірінің тауар өндірушілері көкөніс артады екен. Соның ішінде пияздың тиелімі мен жөнелтілімі көп. Мәселен, былтырғы науқанда 120 вагон пияз Ресейге қарай жол тартыпты. Ал қазіргі таңда 72 вагон пияз тиеліп, дайын тұрған көрінеді. Станция басшысы орынбасарының сөзіне қарағанда, биылғы өнімділік жылдағыдан жоғары болатын сыңайлы. Өйткені, әлемдік індет қаупіне қарамастан шаруалардың қарқыны жаман емес. 

«Қазірде көмір тасымалы қарқын алды. Бұл жұмыс күз болмай басталды, міне, енді сонау мамырға дейін жалғасады. Былтыр осындағы халықты отынмен қамту үшін 130-ға тарта вагон көмір түсірген болатынбыз. Сонымен қатар жөнделіп жатқан Бурылбайтал-Меркі тасжолының құрылысына қажетті заттардың да бірсыпырасы біздің станцияның күшімен жеткізілуде. Айталық, көпір құрастыратын конструкциялар, құбырлар жөнелтілімі жиі жасалуда», – деген Нұрмұхамет Мұхатайұлы төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, теміржолшылардың жұмысы бәсеңдемегенін жеткізді. 

Станцияның ғимараты барлық талаптарға сай жабдықталған. Күрделі жөндеуден осыдан он жылдай бұрын өткен. Десе де, теміржолшылар шағымданатындай емес. Жылу қазандығы жап-жақсы жұмыс істеп тұр.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты