Шаруашылық қысқа дайын

Фоторепортаждар
03.10.2020, 19:27
Асхат Райқұл

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Белгі беру және байланыс дистанциясы 588 342 шақырымға қызмет көрсетеді. Мына жағы Түлкібас станциясынан Шу станциясына дейін, мына жағы Жамбыл станциясынан бастап Жаңатас станциясына дейінгі қашықтықты автоматты түрде блоктаудың ұзындығы 340 262 шақырымға созылса, мұның 50 678 шақырымы тақ жолға, 289 584 шақырымы жұп жолға жатады. Ал жартылай автоматты блоктау 177 295 шақырымды құрайды.

Дистанция директоры Аман Улакуловтың сөзіне қарағанда, ЖамбылТүлкібас және Жамбыл-Шу учаскелері «Неман» жүйесінің микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларымен жабдықталыпты. 

– «Неман» жүйесінің микропроцессорлық диспетчерлік орталығы байырғы «Минск» жүйесі сияқты емес, постпен және ықшам электронды сызықтық модульдермен алмастырылған. Бұл қажет болған жағдайда әртүрлі диспетчерлік аймақтарды жылдам ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұның конфигурациялары арқылы құрылғылардың жай-күйі және басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі пойыз жағдайы туралы жедел деректерді пайдалана аламыз», – деп атап өтті жаңа технология жайында Аман Ұлықпанұлы. 

Жамбыл - Жаңатас учаскесі «Нева» жүйесінің диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларымен жарақтандырылған. Бұл ескі, ертеректе пайдалануға енгізілгенімен, диспетчерлік орталықтандыру жабдықтары барлық аймақтың көрсеткіштері мен сигналдары арқылы кез келген қашықтықты басқаруға арналған. 

«Қызмет көрсетілетін бұл учаскелерде 32 жеке пункт, 723 электрлік блоктауға арналған ажыратқыш, 47 өткел бар, оның 6-уы арнайы күзеттің бақылауында болса, 12-сі жерасты құрылғылары. Дистанция, сонымен қатар магистральдық желінің 804,4 шақырымға созылатын электр сымына, 391,6 шақырым дабыл қағу жүйесіне, 1 595,778 шақырым сигналдық кабельдер мен 805,36 шақырым байланыс кабельдеріне қызмет етеді», – деді мекеме басшысы. 

Радиобайланыс жүйесінде 71РТС, РС-46МЦ, РС-46МЦ-19, РЛСМ-10-40, ТС-600, «Гранит» сияқты радиостанция құрылғылары қолданылады. Бұлардың қай-қайсысы да тәжірибе жүзінде әбден сынақтан өтіп, жұмыстың өнімділігін арттыруда, дәлме-дәл байланыс орнатуда сала мамандарының қажетіне жарап тұр. Жалпы, Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясының барлық жабдықтары 442,316 бірлікті құрайды. 

Аман Улакуловтың айтуынша, дистанция балансында 58 ғимарат бар екен. Оның ішінде 32 электрлік орталық посты, 4 байланыс үйі, 1 басқарушы пост, 1 диспетчерлік орталық посты, 12 КТСМ посты. Сонымен қатар қоймалар, гараждар, шеберханалар сынды нысандар да бар. Күзгі бақылауға орай барлық нысандар тексерістен өтіп, шаруашылығының қысқа дайындығы толық ретке келтірілген. 

282 адам еңбек ететін мекемеде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәртіпті нығайту жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша жеке стандарттарды орындау да өз деңгейінде жүруде.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты