Өзен станциясында өндіріске кедергі жоқ

Фоторепортаждар
27.10.2020, 13:14
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қайта қарантин шаралары енгізіле бастағалы COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында Маңғыстаудағы Өзен станциясында да қажетті сақтық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жұмысшылардың бірқатары қашықтан жұмыс тәртібіне көшірілген. Өндірісте жүргендері қажетті «антивирустық» құралдармен толық қамтылған. 

− Барлығымызға белгілі, қазір COVID-19 індетіне байланысты мекемелер қашықтан жұмыс істей бастады. Бізде де Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының 13.10.2020 жылы шыққан №295 бұйрығына сәйкес 13-25 қыркүйек аралығында әкімшілік менеджер персоналдарын және басшылық құрамдарды 80% пайызға дейін азайтып, жұмысқа зиян келтірмей жұмыс жасауға бұйрық шығарды. 

Осыған байланысты қазіргі таңда станциядағы кейбір мамандар қашықтан жұмыс істеуде. Ең бастысы, өндіріске еш кедергі жоқ. Барлық қызметкерлер маска, антисептик және қолғаптармен қамтылған. 

Техникалық сабақтар өтілмей, қызметкерлер өзінөзі оқыту тәсіліне көшкен. Станция басшылары күнделікті таңертеңгі, кешкі жоспарлы жиналыстарда қызметкерлердің денсаулығын, медициналық тексеруден өткендігін және көңіл күйін қадағалап отырады.

Ауырып тұрған немесе сондай күдікті адам болса, дереу жұмыстан босатылып, медициналық тексеруге жіберіледі. Әзірге, шүкір, станция жұмысшылары індеттен аман, – деп елдегі қазіргі өзекті болып тұрған пандемияға қатысты станциялықтардың бүгінгі жағдайынан ақпарат берген Өзен станциясы бастығының орынбасары Самал Зұлпыхаров өткен тоғыз айды табысты қорытындылағандарын да жеткізді. 

 Өткен үш тоқсанда Өзен станциясынан 1396 вагон, 83760 тонна жүк тиелген. Олар – газ, бензин, қара темір, құрал-жабдықтар, жылыту майлары, тағы басқалар. Ал түсірілген жүк 2597 вагон, 155820 тоннаны құраған. Басым бөлігі түрлі азық-түліктер, ұн, кебек, қарбыз-қауын, ағаш, ауыз су сияқты өнімдер болған. Сондай-ақ, станция үстінен Түркімен еліне транзиттік 738 пойыз, ал 31734 вагон Болашақ станциясы арқылы өткен. 

Станцияда күзгі тексеріс барысында анықталған кемшіліктер толық жойылып, ретке келтірілген. 

Өзендегі күзгі комиссиялық байқау 22-23 қыркүйек аралығында өтіп, қазіргі жағдайға байланысты ол да көп адамсыз, тек жауапты басшылармен ғана жүргізілді. 

− Күзгі байқау барысында, әрине, аз болса да кемшілік табылды және сол тексерістің қорытындысы бойынша олқылықтардың орнын толтыру, кемшіліктерді жою үшін тиісті шаралар қабылданды. Кездескен кемшіліктердің ішінде қауіпсіздікке нұқсан келтіретіндей аса қауіпті жағдайлар болған жоқ. Ал былтырғы байқау қорытындысымен салыстырғанда нәтиже жақсы. 2019 жылы оннан астам кемшілік кездессе, осы жылы төртеу болды және оның барлығы да жеңіл түрдегі кемшіліктер, – дейді станция бастығының орынбасары. 

 Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігі шаралары бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басшысы М.Шакеновтің төрағалығымен Өзен станциясында қыркүйек айының тоғызында жоспарлы тексеру өткен еді. Онда бірнеше кемшілік анықталып, бүгінде соған қатысты тиісті қызметкерлер жауапқа тартылған және қажетті шаралар жоспары жасалған. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті