Техникалық вагоннан өрт шықты

Қауіпсіздік
23.09.2022, 10:21
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

21 қыркүйекте «Алматы-Петропавл» бағытындағы №105/106 жолаушылар пойызының техникалық вагонынан өрт шықты. Құрамның соңында тіркелген техникалық вагондағы өрт Қарағанды – Астана учаскесінің Мырза – Шоқай аралығына келгенде тұтанған.

 Жолаушылар пойызы дереу тоқтатылып, пойыз бригадасының нұсқаулыққа сай сауатты да тез қимыл-қозғалысы нәтижесінде зардап шеккендер жоқ, ал тілсіз жаудан келген материалдық шығынды оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп жатқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы анықтайтын болады.  

Пойыз бригадасы лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында соңғы бес вагоннан 50 жолаушыны сыртқа шығарып, құрамның бас жағындағы вагондарға көшірді. Оқиға орнына Қарағанды станциясынан өрт сөндіру пойызы келіп, тілсіз жауды ауыздықтады.

Құрамдағы барлық жолаушылар, яғни 184 адам «Алматы – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағытындағы №3/4 Тальго пойызына қайта отырғызылып, Астанаға жеткізілді. Артынан жолаушылар межелі станцияларына жеткізілді. «Астана-Петропавл» қатынасындағы №901 қосымша стандартты пойызымен жөнелтілген №105 Тальго пойызының жолаушыларына билетінің жалпы сомасы ішінара қайтарылатын болады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті