Семейде «Абайлаңыз, поезд!» акциясы өтті

Қауіпсіздік
27.09.2022, 11:43
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жыл сайын жаңа оқу жылының басталуымен Семей ЖТ бөлімшесінде қосымша қарбалас туындайды. Теміржол көктей өтетін елді мекендердегі мектептер мен колледждердің оқушыларын желі бойындағы оқыс оқиғалардан сақтандыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Жуырда «Абайлаңыз, поезд!» акциясы өткізілді.

 Желілік полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен акция барысында Семей станциясы бойынша жүргізілетін іс-шараларға жетекшілік етуші арнайы жұмыс штабы құрылып, қоғамдық қауіпсіздік және басқа да салалардан 18 қызметкер жұмылдырылды.  

Акция кезінде тәртіп сақшылары теміржол мекемелерімен бірлесіп жұртшылыққа түсіндіру шараларын жүргізді. Атап айтсақ, тұрғындармен бес мәрте кездесу, әңгімелесулер, теміржол вокзалының қызметкерлерімен екі рет құқықтық түсіндіру және теміржолға жақын орналасқан оқу орындарында тематикалық құқықтық тақырыпта 13 сабақ өткізілді.

Сонымен қатар, түсіндіру-кеңестік көмектер көрсету мақсатында жолаушылар пойыздарында 15 мәрте кездесу ұйымдастырылды. Халыққа арнайы дайындалған буклеттер мен ескертпелер таратылды.  

– Бір бұл емес, акция аясында, теміржол мекемелері, «ӘТЖК» қызметкерлерімен бірлесіп 9 рейдтік іс-шара өткізіліп, желі бойының 20 шақырымына тексеру жүргізілді. Әсіресе, кәмелетке толмағандармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары   күшейтілді, – дейді Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.  

Жалпы аталған акция кезеңінде бөлімше бойынша әртүрлі әкімшілік құқық бұзғандары үшін 67 азамат жауапқа тартылыпты. Оның ішінде теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткендер мен желі бойына мал жайған азаматтар бар. Бұл орайда арнайы хаттама толтырылып, пойыз қозғалысына қауіп тудырған тұрғындарға 10 АЭК айыппұл салынды.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті