Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежелуінің 1472 фактісі тіркелген, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның ішінде темір жол алқабында мал жайылуына байланысты - 1014, теміржол төсемінде адамдардың болуына байланысты - 288 факті.

Сондай-ақ жылжымалы құраммен адамды басып кетудің 69 фактісі болған, оның ішінде қаза болғандар - 48 адам, 21 адам жарақат алған. Кәмелетке толмағандар саны - 10.

«Темір жол - аса қауіпті аймақ. Осыған орай көлік полициясы қараусыз қалған мал пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді. Азаматтар мал жаю ережесін мүлтіксіз сақтауы және темір жол маңында мал жаймауы тиіс», – деп ескертеді полиция.