Маңғыстаулық вагон қараушылар қауіптің бетін қайтарды

Қауіпсіздік
07.10.2022, 11:07
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық екі бірдей вагон қараушы жақында вагонның бүйірлік рамасындағы ақауды анықтап, қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіптің алдын алды. Екі ақау да қазақстандық жүк вагондарынан табылды.

Вагондарға техника лық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушы-жөндеушілері Маңғыстау станциясына келіп тоқтаған жүк пойызын тексеру кезінде анықтаған ақаулар вагон шаруашылығының «бас ауруына» айналған бүйірлік рамадан күндізгі ауысымда анықталып отыр. Маңғыстау станциясындағы ТҚКП вагон қараушысы Жасұлан Елеусіновтің назарына іліккен ақау №3 жолға келіп тоқтаған №3605 жүк пойызының №70509039 вагонында кездесті. 2019 жылдың қараша айында деполық жөндеуден өткен екен. Екіншісін №6 жолда №3603 жүк пойызына техникалық қызмет көрсету кезінде аға вагон қараушы-жөндеуші Назархан Сариев №29024635 вагоннан тапты. Былтыр ғана деполық жөндеуден өткен вагонда осындай күрделі ақаудың анықталуы – сын көтермейтін жағдай.  

– Бізде 2002 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан, жалпы 40 жылдық еңбек өтілі бар Назархан Сариев бүйірлік рамадан тереңдігі 9 мм, диаметрі 3 мм болатын жарықты анықтады. Ал Жасұлан Елеусінов 16 жылдан бері еңбек етеді. Оның анықтағаны – бүйірлік рамадан тереңдігі 2,5 мм болатын саңылау ақауы. Екі «ауру» вагон да әрине дереу құрамнан ағытылып, жөндеуге жіберілді, – дейді бұл туралы Маңғыстау станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон паркінің сақталуы жөніндегі маманы Амандық Көшкімбаев.  

Өз жұмысына ұқыптылықпен қарап, қырағылық тынытқан вагон қараушыға мекеме басшылығы алғыс айтып, марапатқа ұсыну жөнінде ұсыныс берген.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл