Аса қауіпті жүгі бар пойыздар ерекше назарда

Қауіпсіздік
15.11.2022, 09:17
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар күнделікті еңбек процесінде экологиялық қауіпсіздік мәселесін күн тақырыбынан қалдырған емес. Себебі тораптық станцияларда тасымалданатын қауіпті жүктердің сақталуын қатаң қадағалап, қоршаған ортаға залал келмеуін үнемі назарда ұстау экологиялық қауіптің, тіпті тосын апаттардың да алдын алуда.

Осы ретте әсіресе цистерналарда сақталатын аса қауіпті жүгі бар пойыздар бөлімшенің барлық станцияларында қадағалауға алынған. Тасымалданатын жүкті межелі жерге аман-есен жеткізу теміржолшылар міндетіне кіретіні белгілі.  

Осы жылы бөлімше бойынша қауіпті сұйықтықтың төрт бірдей ағып кету фактісі мен бір мәрте сусымалы жүктің төгілуі тіркеліпті. Экологиялық қауіптің алдын алу, қадағалауды күшейту мақсатында тек станция басындағы вагон қараушылар мен әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлері ғана емес, пойыз құрастырушыларына да қосымша нұсқаулар берілген. Сондықтан болар, аталған фактілер дер кезінде анықталып, апаттың алды алыныпты.  

Мәселен, осыдан біраз бұрын Дегелең станциясында Павлодардан Ақтоғай станциясын бетке алған жылжымалы құрамнан жанармайдың тамшылап тұрғаны анықталған. Жүкті қабылдап-тапсырушы Берік Жусанбаев цистернаның үш жерінен минутына 30 тамшы тамғанын есепке алып, ӘТЖК тобына хабар берген. Нәтижесінде станция бастығы Талғат Баширов басшылық еткен шұғыл жұмыс тобы құрылып, аталған ақаулықтың мән-жайын нақтылаған. Тексерулер көрсеткендей, цистернаның бекітуші бір болты жоқ болып шыққан. Осылайша 13-ші жолда тұрған №73933269 вагон аумағы қоршауға алынып, қоршаған ортаны ластайтын және өрт қаупін тудыратын күрделі ақаулық дер кезінде жойылды. Бұл бір ғана мысал.  

Сол тәрізді экологияға залал келтіретін дәл осындай кінәрат аталған станциядан тағы бір мәрте анықталыпты. Осыған қарап, дегелеңдік қозғалысшылардың қырағылығын ерекше атап өтуге болады.  

Мұнымен қатар, айналаға қауіп тудыратын тағы екі факті Жаңа-Семей және Шар станцияларында анықталып, дер кезінде ауыздықталған.  

– Қауіптілігі жоғары жүктері бар вагондар ерекше назар аударуды талап етеді. Кінәрат анықталған жағдайда, уақыт оздырмастан бірден апаттың алдын алу, ақаулықты жою жұмыстары басталады. Ол үшін әуелгі кезекте вагонды кірме жолға жөнелтеміз. Сонымен қатар, ондағы сұйықтықтың қауіптілік деңгейі, жүктің салмағы, тығыздығы, тіпті, температурасы да есепке алынады. Мұның барлығы алдағы уақытта ондай келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында тіркеуге алынады, – дейді бұл орайда аталмыш оқиғаларға сараптама жүргізген Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік қауіпсіздік бөлімінің жетекші инженері Бекзат Кәрімханов.  

Мақсат – тасымалданатын қауіпті жүктердің уақытында тапсырыс берушіге аман-есен жетуі. Алайда цистернадан сұйықтықтың ағуы көбінесе станция басындағы техникалық тексерулер кезінде анықталады екен. Ондайда вагон пломбасының бүлінбеуі де назарға алынады. Ағытылып, жөндеуге жіберілген вагон бойынша әуелгі кезекте хаттама толтырылып, қажетті құжаттамалар жасалынып, арнайы комиссияның сараптамасынан да өткізіледі.  

Дегенмен мәселе тек апаттың алдын алумен ғана бітпейді. Оны болдырмау мақсатында алдын алу шаралары жүргізіледі. Мәселен, осыған дейін Семей ЖТ бөлімшесінде орын алған вагон цистерналарынан жанармайдың ағуы бойынша көршілес бөлімшелердегі бірқатар станциялар басшыларына хаттамалар жіберіліпті. Расында тасымал тасқыны арта түсетін алдағы уақыттарда да мұндай іс-шаралардың маңыздылығы зор.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті