Малдың темір жолға шығуы тиылмай тұр

Қауіпсіздік
18.11.2022, 10:18
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Сай-Өтес станциясының темір жолдарына малдың шығуы жиілеп кеткен. Соның салдарынан жыл басынан бері көптеген ірі қара мал пойыз астына түскен.

Осыған байланысты теміржолшылар мен желілік полиция өкілдері халқының басым бөлігі мал өсіретін Жармыш ауылында болды. Олар шаруа қожалықтарының иелері және ауыл тұрғындарымен кездесіп, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара 9-11 қараша аралығында өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел жұмыстары аясында ұйымдастырылды.  

– Темір жол – қауіпті аймақ. Соған қарамастан темір жолдың бөлінген жолағында мал жаю фактілері азаймай тұр. Жыл басынан бері Сай-Өтес станциясындағы көлік полициясының қызмет көрсету аумағында 28 мал басу оқиғасы тіркелді. Оның 21-нің иесін анықтап, әкімшілік шараға тарттық. Былтыр да 28 дерек тіркелген еді. Биыл сол көрсеткіш қайталанып отыр. Тұрғындармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бірақ, нәтиже болмай отыр, – дейді Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Нұрлыбек Рахметов.  

Оның айтуынша, ҚР 2001 жылғы 8 желтоқсандағы «Теміржол көлігі туралы» және басқа да теміржол көлігіндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қоршалмаған учаскеде малды темір жолдан 300 метр қашықтықта, ал темір жолдан 200 метр қашықтықта үнемі қадағалаумен бағуға ғана рұқсат етіледі. Темір жолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидасын бұзғандар ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлемек.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға