Техникалар талапқа сай

Қауіпсіздік
22.11.2022, 10:15
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс локомотив пайдалану депосының техникалары жоспарға сай, күзгі комиссиялық тексеруден сәтті өтті.

– Кәсіпорын басшылығының жұмысты жүйелі жүргізуінің нәтижесінде біз локомотивтер мен тепловоздарды түгел дерлік қысқы маусымда қолдануға жарамды етіп, май-суын ауыстырып алдық. Осылайша, көрсеткіш 84,5 процентті құрады. Бұл санды жалпы көрсеткішпен салыстырып қарағанда дерек 100 процентке тең. Ал орташа балдық көрсеткішпен қарағанда, ол 4,01-ді құрады, – дейді Арыс локомотив пайдалану депосының инженер-технологы Абылайхан Ерланұлы.  

Бүгінде Арыс локомотив пайдалану депосының қызмет көрсету аймағы шамамен 500 шақырымды құрайды. Оның 192 шақырымды құрайтын бір бағыты – «Арыс – Сарыағаш», ал 300 шақырымды шамалайтын екінші бағыты – «Арыс–Тараз» учаскесі деп аталады.  

Локомотив депосы негізінен жүк тасымалдау бағытындағы жылжымалы құрамдарға қызмет көрсетуде басымдыққа ие. Мәселен, депо паркіндегі 100 бірлік техниканың 4-еуі ғана жолаушылар тасымалымен айналысса, қалған локомотив пен тепловоздың барлығы жылжымалы құрамдарды Сарыағаш пен Тараз аралығында тасумен айналысады. Яғни, мұндай локомотивтер Ташкенттен келген жылжымалы құрамды Сарыағаштан Таразға және кері бағытта жеткізеді.  

Бүгінде мыңдаған тонна жүкті мыңқ етпей сүйрейтін алып техникалардың қыс мезгілінде тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін оларды талапқа сай күтіп-баптау басты мәселе екені белгілі. Сондықтан да күзгі комиссиялық тексеріс – сала мамандары үшін үлкен жауапкершілік жүктейтін маңызды шара. Ал енді Арыс локомотив пайдалану депосына қарасты техникалардың жай-күйінен хабар беретін кестеге көз жүгіртсек, көрсеткіш төмендегідей екен.  

Тексерістен өткен ВЛ80С сериялы электровоздың 58,5 бірлігі (100%), ВЛ40М сериялыдан 2 бірлігі (100%), ТЭМ-2 сериялы тепловоздың 23 (100%) және ТЭ33А сериялыдан 1 бірлігі (100%) мамандар саралауынан өтіп, алдағы уақытта үздіксіз жұмыс істеуі үшін тиісті деңгейде рұқсат қағазы алынған.  

Ендігі жерде ары-бері ағылған жылжымалы құраммен мыңдаған тонна жүктің уақытынан кешіктірілмей тасымалдануын қамтамасыз етіп отырған арыстық теміржолшылар келешекте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындырады деген сенім бар.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды