Маңғыстауда биыл 160 шақырым жол бойына қоршау тартылды

Қауіпсіздік
20.12.2022, 10:15
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша 160 шақырым жол бойына мал кірмес үшін қоршау салынып, тағы 20 шақырымы жөндеуден өткізілген.

Соңғы жылдары жолға шыққан төрт түліктің пойыздың астына түсіп қалу оқиғасы жиілеп кеткен түбекте бұл игілікті іс болып отыр. Былтырғы жылы жолдағы мал кесірінен 11 айда машинистер 282 рет оқыс тежеу беріп, 38 жағдайда мал басылған. Пойыздың уақытынан кешігуі, тепловоздарға келетін зақым, қауіпсіздікке төнетін қатерден бөлек 14 тоннадан астам жағармай желге ұшқан. Биыл мал басылу фактісі біршама азайған. Жалпы Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі шеңберінде қарастырсақ, 11 айда 34 мал пойызға басылған. Тек Маңғыстау дистанциясы бойынша 171 шұғыл тежеу беріліп, салдарынан 8,55 тонна дизель отыны ысырап болған. Ал мал басудың 25 жағдайы тіркелген. 20 дерек бойынша мал иесі табылып, оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 30-тарау 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес ескерту мен айыппұл салынған. Қалған бес малдың иесі белгісіз күйде қалып отыр. Өкінішке орай, қоршауды да бұзып кететіндер аз емес екен.  

– Жолға мал шығу №12-13, 11-12, 15-16 бекеттерінде, Ақбөбек – Бопай, Шетпе – №13,14 бекеттер, Жетібай – Өзен, Бестөркүл – Болашақ, Боржақты – Қарақия, Ақбөбек – Бастау, Бекет «Р» – Боржақты, №16 – Тамақ, 11-10 бекеттер аралығында көп кездеседі. Осы уақыт ішінде мыңнан астам мал иелерімен түсінік жұмысын жүргіздік. Желілік полиция бөлімшесі және ауыл әкімшілігі қызметкерлерімен бірлесе Шетпе, Аусары, Қосбұлақ, бекет «Р» – Боржақты аралығы, Жармыш, Қызылтөбе, Батыр, Баянды ауыл тұрғындарына теміржол бойына мал жаймау туралы профилактикалық жұмыстар атқарылды. Маңғыстау, Қарақия және Мұнайлы ауданы әкімдеріне 15 рет хат жолданды. Мал өтпейтін қоршау салу биылғы жылы №14-15 бекеттері мен Шетпе-13 бекеті аралығындағы 70 шақырымға жоспарланған. Қазіргі кезде жер қазатын техникамен қоршаудың бағанасын орнатуға шұңқыр қазылып болып, оған ескі ағаш шпалдан бағаналар орнатылып, тікенек сымдар тартылуда, тек қоршауды да бұзатындар кедергі келтірмесе... – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Ержан Артықбаев.  

 

Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты