Семей станциясында әкімшілік құқық бұзған 61 тұлға ұсталды

Қауіпсіздік
27.12.2022, 10:30
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей станциясындағы желілік полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Осыған байланысты жеке құрам қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, жұмыс штабы құрылды.

Топтарға бөлініп іс жүргізген тәртіп сақшылары әсіресе теміржол вокзалы, вокзал перрондары, теміржол өткелдері сынды қоғамдық орындарды ерекше назарға алды. Басты мақсат қоғамдық тәртіпті сақтай отырып, түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу болды.  

Іс-шара кезінде желілік тәртіп сақшылары әртүрлі әкімшілік құқық бұзған 61 тұлғаны ұстады. Қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін 10 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың жалғыз жүруі, өзге де тәртіп бұзушылықтар тіркелген.  

Сонымен қатар, осы іс-шара аясында Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты мекемелермен бірлесіп темір жолға жақын орналасқан, ұлттық компания теңгеріміндегі қараусыз қалған үйлерге акт толтыра отырып, 6 мәрте аралау жұмыстары ұйымдастырылды Сондай-ақ экстремизмге қарсы іс-қимыл аясында сырт келбеті күдік тудырған жеті азаматпен профилактикалық сұхбат жүргізілген.  

– Аталған іс-шара нәтижесінде есірткі заттарын, заңсыз қаруды сақтау, психотроптық заттарды қолдану сияқты қылмыстардың алды алынып, қоғамдық орындардың тыныштығы сақталды, – дейді Семей станциясындағы ЖПб-нің әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Рүстем Абеуов.  

Айтуынша, іздестіруде жүрген бір қылмыскер анықталған және Семей станциясы желілік полиция бөлімінің криминалистикалық желісі бойынша 6 адамның саусақ іздері алынып, фото-видео есепке қойылыпты.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды