2022 жылы теміржол өткелдерінде 26 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Қауіпсіздік
31.01.2023, 09:49
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылы еліміз бойынша теміржол өткелдерінде тіркелген деректерге назар аударсақ жан түршігеді. Өткелдерде болған жол-көлік оқиғалары қаншама адамды ажал құштырып, қанша отбасын қара жамылдырған...

Мұның бәрі жол-көлік ережесінің бұзылуы салдарынан туындайтыны айтпаса да түсінікті. Оған әсер ететін факторлар да әрқалай. Автокөлік жүргізушісінің ескертпелерді елемеуі мен ескермеуі, асығыстық танытуы, сирек жағдайда көлік тежегішінің істен шығып немесе жүргізуші еркіне бағынбай қалуы сынды себептер. Маңғыстау жол полициясының қызметкерлері Маңғыстау жол дистанциясының мамандарымен бірлесіп Жаңаөзен, Мұнайлы және Қарақия аудандарында рейдтік шаралар жүргізуде. Олар осындай фактілер орын алса, мысалы, автокөлік теміржол өткелінің үстінде тұрып қалса немесе теміржолда қажетті ескерту белгілері болмаған жағдайда автокөлік жүргізушілері қалай әрекет ету қажеттігін түсіндіріп, арнайы үнпарақтар таратып, көпшілік орындарда профилактикалық кездесулер өткізуде.  

– Былтырғы жылды ешқандай жол-көлік оқиғасынсыз аяқтадық. Десек те, Қазақстан темір жолы бойынша болған жағдайлар алаңдатпай қоймайды. 2022 жылы теміржол өткелдерінде 26 жол-көлік оқиғасы орын алыпты. Оның бесеуі күзетпелі, он бесі күзетпесіз, тағы бесеуі реттелмейтін өтпелерде болса, біреуі белгіленбеген жерде тіркелген. Сол аталған өткелдердегі жол-көлік апатының нәтижесінде 13 адам зардап шегіп, 16 адам қаза тапқан. Бір ғана автокөлік жүргізушісінің кесірінен көліктегі өзге жолаушылар да мерт болған деректер кездеседі. Сондықтан біз Жол полициясымен бірге профилактикалық жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Былтыр да алты рет рейд өткізіп, 1374 жүргізушіні ережелермен таныстырдық. Автобазаларға арнайы барып кездесулер ұйымдастырдық. Осы жылға да бірқатар жоспарымыз бар, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Кульчанбаев.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды