Қарғын су: теміржолшылар күшейтілген режимде жұмыс істеді

Қауіпсіздік
07.02.2023, 09:20
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада Түркістан облысының аумағында жауын-шашын әдеттегіден мол түсті. Тәулік бойы жауған ақ жауыннан соң сай-сала мен арық-атыз суға толып, өңір теміржолшылары күшейтілген режимде жұмыс істеді. 

Облыстың бірқатар аймақтарында су тасқыны орын алып, Арыс, Сарыағаш аудандары мен Сырдария өзеніне жақын орналасқан теміржол телімдеріне де қарғын судан төнер қауіп аз болмады. Келеңсіздіктің алдын алу мақсатында Арыс жол дистанциясы мамандарынан құралған арнайы топ Сарыағаш пен Арыс жол дистанциясының аралығын шарлап, Монтайтас пен Шеңгелдіде орналасқан теміржол мекемелерін сүзіп шықты.  

«Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің арнайы тапсырмасына орай, елді мекендер мен жол учаскелерін араладық. Ақтас ауылындағы 2 қораны су басқаны болмаса, аймақта айтарлықтай қауіп төнбеді. Мұның бәрі тасқынның алдын алу шараларын көктем-күзде тиянақты жүргізгеннің нәтижесі деу керек», – дейді дистанцияның кәсіподақ өкілі Есен Жұмағалиұлы.  

Айтуынша, Монтайтас ауылы маңындағы тесік көпір мен аспалы көпірдің жиегінде ағын су әдеттегіден әлдеқайда жоғары болған. Ал Талдықұдық пен Шағыр айналымының 3 229-шы шақырымындағы 8-пикетте су деңгейі көтеріліп барып қайта түскен. Облыстың таулы аймағында орналасқан теміржол мекемелері де өткен аптада күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қаңтардың басында қалың түскен қар жаңбыр суымен еріп, су шаю қаупі жоғарылаған.  

«Өткен аптада қауіп артып, тәулік бойы ауысымдық кезеңмен жұмыс істедік», – дейді Түлкібас жол дистанциясының бас инженері Нұрлан Спанбекұлы.  

Дәл қазіргі күні өңірде тасқын қаупі сейілген, еріген қар-су алдын ала дайындалған арық-атыздармен ағып кеткен.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты