Теміржол аумағында қауіпсіздік рейді күшейеді

Қауіпсіздік
24.02.2023, 09:49
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей жол дистанциясының мәжіліс залында бірқатар темір жол мекемелері жұмысшыларымен кездесу өткізілді. Жиынға Семей магистральдық желі бөлімшесі мен Семей станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің басшылары қатысты.

Жиын барысында Семей станциясы ЖПб-нің бастығы, полиция подполковнигі Ж.Ибраев көлік полицейлерінің осы кезеңге дейінгі атқарған жұмыстары жайлы айта келе, теміржол көлігінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде станция аумағында, жалпы пайдалану орындарында тәртіпті қадағалаумен қатар ластануына жол бермеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Теміржол көлігі ел экономикасының дамуына тікелей әсер ететінін және тасымалдаудың негізгі бөлігін атқара отырып, мемлекеттің негізгі көлік артериясы екенін естен шығармау керектігін баса атап өтті.

Сонымен қатар көлік нысандарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың теміржолдан өту кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін нендей шаралар атқарылуда, жан-жақты сөз болды. Бұл орайда желілік полиция бөлімі басшылары әр аптаның бейсенбі, жұма күндері көлік объектілерінде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізеді. Сол себепті мекемелер басшыларынан теміржол аумағында рейд өткізуге барынша қатысуды, ұйымдастыруды сұрады.  

Кездесу барысында теміржолшылар да пікірі тыңдалып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сондай-ақ құқықтық көмек көрсетіліп, заңнама талаптары түсіндіріліп, әлеуметтік мәселелер талқыланып, кеңес берілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Азат Санмұратұлы бірлесіп жұмыс жүргізуге әрқашан дайын екендерін айтты.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды