Шар станциясында профилактикалық рейд өтті

Қауіпсіздік
28.02.2023, 10:53
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жаңа-Семей жол дистанциясының жолшылары желі бойындағы қараусыз мал мен теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіндердің алдын алу шараларына тың қарқынмен кірісті.

Олар осы мақсатта Шар станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен арнайы рейд өткізді. Профилактикалық іс-шара барысында теміржолға жақын орналасқан ауылдарды аралап, ірі қара мал ұстайтын тұрғындармен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Мәлім болғандай, кейбір тұрғындар желі бойында мал жаюдың қауіптілігін, оның себебінен туындайтын жауапкершіліктің ауырлығын біле бермейтін болып шықты.  

– Шаруаларға ҚР ӘҚБт К-нің 559-бабының 1-ші бөлігінде көрсетілген, яғни теміржол арқылы ат-арба көлігімен, шанамен өту және мініс малын немесе табынды айдап өту талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзуды алдын алу туралы айтып, құқық бұзған жағдайда әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту немесе айыппұл салынатыны түсіндірілді. Тұрғындар тарапынан қолдау таптық, мәселеге түсіністік танытуда, – дейді аталған шаралар барысында пікір білдірген Семей станциясындағы ЖПбнің әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Рүстем Абеуов.  

Қазіргі таңда Семей теміржолы бойынша Жаңа-Семей – Дегелең телімінен кейінгі орында Шар – Жаңа-Семей аралығындағы қараусыз малмен күрес шаралары алдыңғы орынға шықты. Аталған телімдер бойында жыл басынан бері жылжымалы құрамдардың бірнеше шұғыл тежелу фактілері орын алды. Сондықтан Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша жұмыс тәртібін күшейтуде. Атқарылған шаралар мен орын алған нәтижелер алдағы уақытта өткізілетін жиын барысында сарапқа салынатын болады.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды