Қауіпсіздік: Тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Қауіпсіздік
07.03.2023, 09:44
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысында желі бойындағы қауіпсіздікті күшейту жұмыстары жыл басынан бастап мықтап қолға алынуда. Небары екі айдың ішінде бірқатар акциялар мен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Жуырда «Көліктегі қауіпсіздік» атты тағы бір акция өтті.

Мақсат – теміржол бойындағы жасөспірімдер бұзақылығына жол бермеу, балалардың әсіресе түнгі мезгілде бейсауат жүрмеуін қадағалау, сонымен қатар жас буынның желі бойында апатқа түсіп, жарақаттануларын болдырмау болатын.  

Бұл орайда Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің тәртіп сақшылары жергілікті теміржолшылармен бірлесе отырып, желі бойына таяу орналасқан оқу орындарында болды. Кездесулер өткізіп, онда қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік кодекс бойынша түсінік беру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, үш мектеп және бір колледжде, көптеген еңбек ұжымдарында лекциялар оқылды. Бұл шаралармен қоса, вокзалдарда және жекелеген станциялар тұрғындармен кездесулер өткізіліп, желі бойындағы қауіпсіздік шаралары бойынша мол мағлұматтар берілді.  

Сол тәрізді бес мәрте жолаушылар пойызында жиын ұйымдастырылып, түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Желі бойындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу тақырыбы аясында теміржол мекемелері қызметкерлерімен дөңгелек үстел басқосулары да ұйымдастырылды.  

Өкінішке орай, мұндай шаралар жиі өткізілгенімен, кемшіліктер қатары азаяр емес. Мәселен, аталмыш акция аясында өткізілген 6 рейдтік шара кезінде 62 құқықбұзушылық фактілері тіркеліпті. Олардың арасында жасөспірімдердің үлесі көп. Олармен профилактикалық жұмыс, ал ата-аналарымен әңгімелесулер өткізілді.  

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттары да тұрақты түрде жүргізілетін болады. Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығының қолға алуымен желі бойындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бұрын-соңды болмаған деңгейдегі жұмыстар жүргізілуде. Оған қумажолдар бойындағы қараусыз жайылған мал мен теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіндердің жолын кесу сынды шаралар кіреді.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті