Семейде жыл басынан бері 28 техникалық сабақ өткізілген

Қауіпсіздік
28.04.2023, 10:49
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесінде теміржолшылар шеберлігін шыңдау ұдайы назарда. Әсіресе ПЧ-39 мекемесінің материалдық-техникалық базасы мығым. Техникалық кабинет пен дистанция іргесіндегі полигон толық жабдықталған, арнайы оқу бағдарламаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік жасалған.

Жол шаруашылығының мамандары мұнда тек аттестациялық сынақ пен емтихан тапсыруда ғана емес, кез келген уақытта келіп, нұсқаушы берген жаттығуларды орындап, біліктіліктерін шыңдай алады.  

Жалпы біліктілікті шыңдау – жол шаруашылығындағы жұмыс өнімділігін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Бұл орайда жол дистанциясында жыл басынан бері жоспарға сай 28 техникалық сабақ өткізілген. Өндірістік сабақ нұсқаушыларының арнайы әдістемелерге жүгінетінін де айта кеткен жөн. Мұнымен қатар жаттығу полигондарында жұмысқа жаңадан қабылданған жас мамандар үшін арнайы дәрістер өткізіледі. Мұндай сабақтар желі бойында да ұйымдастырылады.  

– Жоспардан тыс дәрістер мен сынақтар да өтіп тұрады. Биыл желі бойында жеделхаттар бойынша бірқатар тәжірибелік сабақтар ұйымдастырдық. Басты орында, әлбетте еңбекті қорғау мен қозалыс қауіпсіздігі тұр. Бұл орайда арнайы деректі фильмдер көрсетіліп, макеттер бойынша да жұмыстар жүргізіледі, – дейді өндірістік дәріс беруші шебер Әбуғали Байғалиев.  

Осындай шаралар аясында қазіргі таңда ПЧ-39 жол дистанциясы бойынша жалпы саны 328 адам арнайы аттестациялық сынақты сәтті тапсырған. Десек те, жолшылар біліктілігі дәл қазіргі күндері қайта сынға түсіп жатыр. Яғни, көктемгі комиссиялық тексерулер аясында жол дистанциясы жұмысшыларының біліктілігі сарапқа түсуде.  

Жалпы, теміржолшылардың техникалық білім деңгейін көтеру, кәсіби біліктілігін шыңдау бөлімше бойынша күн тақырыбынан түскен емес. Қазіргі күні Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша 30 жасқа дейінгі еңбеккер жастар саны төрт жүздің үстінде. Жұмысқа жаңадан қабылданғандар мен басқа мекемеден ауысып келгендер үшін арнайы жетекші мамандар бекітілген.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды