Теміржол саласында орын алатын қайғылы жағдайлардың себептері мен салдары сараланды

Қауіпсіздік
28.04.2023, 12:09
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде «Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау» тақырыбында өткен семинарға бөлімшеге қарасты Түркістан мен Сексеуіл станциялары арасындағы мекемелердің еңбек қорғау инженерлері мен техникалық инспекторлары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Еңбек қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосу арқылы теміржолшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдарын насихаттауда белсенді әрекет ету – бүгінгі күннің талабы. Жаңа Қазақстандағы өзгерістерді осындай принциптерді ұстана отырып әр адам өзінен бастау қажет деген ұстаным жиынның өзекті тақырыбына айналды.  

Бас инженер Берік Бекжанов Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылып отырған семинардың маңыздылығына тоқталып өтіп, көпшілікті өндірісте қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырды.  

Қауіпсіздіктің бұзылуына, оның ішінде еңбек қорғау талаптарының орындалмауы салдарынан өндірісте апат, адам өлімі орын алып жатады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін не істеу қажет деген сауал төңірегінде үлкен әңгіме өрбіді. Семинарға арнайы шақырылған аймақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Серікбайұлы жергілікті жерлерде қоғамдық инспекторлардың білімін жетілдіру курстарын ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.  

Техникалық инспекторларға жүктелетін жұмыс үшін қосымша ақы төленбейді. Сондықтан ақысыз жұмыс істеуге құлықсыздық танытып, оны жүрдім-бардым атқару оң нәтиже бермейтіндігі, болашақта осы олқылықтан шығар жол қарастыру қажеттігі де өткір сөз болды. Кейде техникалық талаптарды мәжбүрлі түрде бұзып жұмыс жасауға тура келетіні, еңбек қорғау талаптарының өрескел бұзылуы орын алатыны да айтылды. Осындай қателіктердің салдары адам өміріне қауіп төндіріп, оның соңы бақытсыз жағдайға әкелуі мүмкін екені, сондықтан одан шығар жол тауып, дер кезінде басшылыққа ескертуден қаймықпау қажеттігі, тіпті қағаз жүзінде кәсіподақ ұйымдарына, басшылыққа жазып, кемшілікке көз жұмып қарауға болмайтыны ескертілді. «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, еңбек қорғауда елеусіз ештеңе жоқ екенін, кішкентай кемшіліктің үлкен зардабы болуы мүмкін екенін мысалмен жеткізді.  

Семинарға қатысушылар теміржол саласында орын алған қайғылы жағдайлардың себептері мен салдарын саралап, ондағы адами фактор, қауіпсіздік қағидалары төңірегінде өзара пікір алмасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік еңбек қорғау инспекторы атанып, компания басшылығы тарапынан қаржылай сыйлық алған Шиелі өртке қарсы қызмет маманы Жалғас Имантаев өз тәжірибесімен бөлісті.  

Семинарда блиц-сауалдарға үздік жауап беріп көзге түскендер мен дұрыс инспекторлар бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хат, түрлі марапаттарға ие болды. Инспекторларға үй тапсырмасы ретінде еңбек қорғау талаптары жасырылған сөзжұмбақтар табысталды.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда