Семейдегі рейд кезінде 48 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Қауіпсіздік
22.05.2023, 12:18
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде балалардың желі бойындағы қауіпсіздігі аса маңызды мәселелер қатарында тұр. Осы орайда жуырда желілік полиция қызметкерлері «Көліктегі қауіпсіздік» тақырыбында арнайы акция ұйымдастырды.

Шараны өткізудегі мақсат жасөспірімдер бұзақылығының алдын алу, кәмелет жасына толмағандардың түнгі мезгілде бейсауат жүруі мен желі бойында жарақат алуын болдырмау болатын. Осы бағытта өткен аптада теміржолға таяу орналасқан мектептер мен колледждерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқу орындарында арнайы дәріс сағаттары өткізіліп, лекциялар тыңдалып,  әңгімелесулер жүргізілді. Қозғалған негізгі тақырып әрине теміржол нысандарына қарасты аумақтардағы қауіпсіздік, қылмыстық, әкімшілік кодекс нормалары болды.

– Барлығы бес мектеп, екі колледжде болып профилактикалық-ақпараттандыру жұмыстарын өткіздік. Жергілікті еңбек ұжымдарымен де қауіпсіздік тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді және үш теміржол вокзалында кездесу ұйымдастырылды. Теміржол желісі өтетін елді мекен тұрғындарымен де жүздесіп, тақырып аясында жұмыс жүргіздік. Сонымен қатар 10 мәрте жолаушылар пойызында кездесу өтті. Теміржол мекемелерінің қатысуымен дөңгелек үстелде бас қосып, ортақ мәселелерді талқыладық, – дейді Семей станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Әбеуов.

Акция барысында арнайы рейд те жүргізілген. Алты рет  өткізілген тексеру шаралары аясында 48 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Бұған дейінгі  рейдте анықталған жағдайлармен салыстырсақ, бұл біршама төмен көрсеткіш.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті