Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілері азайған

Қауіпсіздік
04.07.2023, 10:43
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласында күн тәртібінен түспейтін мейлінше өзекті мәселелердің бірі – қозғалыс қауіпсіздігі. Семей ЖТ бөлімшесі бойынша аталмыш жайттың маңыздылығы тіптен арта түсуде. Оған себеп, ағымдағы жылдың алты айында жүк айналымының күрт артып, рекордтық көрсеткішке жетуі, осыған орай қозғалыс жиілігінің артуы болып отыр.

Десек те, жоспарлы шаралар аясында семейлік теміржолшылар оң нәтижелерге қол жеткізуде. Шығыстағы жүк айналымы соңғы бес жылдың ішінде отыз пайызға артыпты. Соңғы 6 айда жүк айналымының жалпы көрсеткіші 4002 млн т шақырымды құраған. Сәйкесінше, жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін қадағалауға да басымдық берілген. Бұл шаралардың сыртында тастанды пойыздарды болдырмау мақсатындағы қолға алынған жұмыстар қатары тағы бар. Осылайша, қозғалыс саласында қалтқысыз қызмет көрсететін теміржолшылар үшін қауырт шақ орын алған болатын. Десек те, көзделген міндеттемелерді толық орындау барысында қауіпсіздікке айтарлықтай нұқсан келген жоқ. Мәселен, өткен жылдың алты айында қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 5 фактісі орын алған болса, биылғы есепті мерзім бойынша оның саны 4-ке төмендеді.  

Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлімі мамандарының сөзіне сүйенсек, оған бірқатар нақты факторлар себеп болған. Бірінші кезекте соңғы жарты жылдың ішінде желі бойында қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын анықтау мақсатында 621 тексеру жүргізіліп, 144 ескерту жасалған. Сонымен қатар 60 сөгіс жарияланыпты. Яғни кемшіліктерге жол бермеу бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілген болатын.  

Әйтсе де, қауіпсіздік қызметінде мейлінше жоғары нәтиже беретін бірден-бір шара мамандардың кәсіби біліктіліктерін шыңдау екендігі белгілі. Бұл орайда есепті мерзім ішінде қозғалыс саласындағы мамандарға 211 мәрте теориялық тұрғыдағы техникалық дәрістер өткізілген. Сол тәрізді практикалық техсабақтарға да кеңінен орын беріліпті. Бұл шаралар биылғы техникалық дәріс жылы аясында өткізілген-ді.  

Әйтсе де, өткен жарты жылдағы жетістіктердің бірі жолаушылар пойыздарын кестеден кешіктірмеу және вагондар мен локомотивтердің ақауына жол бермеу болып отыр. Яғни қозғалыс барысындағы жылжымалы құрамдардың ешбіріне қауіп төндірерлік нұқсан келмеген. Нақтырағы, апаттық жағдайға жол берілмеді.  

Осы орайда қозғалыс қауіпсіздігі саласында уақытпен санаспай қалтқысыз еңбек етіп жүрген вагон қараушылар, пойыз диспетчерлері, станция кезекшілері, пойыз құрастырушыларының еңбектері ерен, қызметі бағалы. Қазіргі таңда аталмыш салада жетістіктерге жетіп, озат атанып жүрген теміржолшылардың есімдері нақтылануда. Олардың барлығы да алда келе жатқан кәсіби мерекеде марапатқа кенелмек.  

Ал семейлік теміржолшылар болса, қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы кемшіліктер қатарын алдағы алты айда тағы да төмендетеміз деген сенімде.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті