Локомотивтің дыбыс сигналы тексерілді

Қауіпсіздік
10.07.2023, 14:26
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі басшылығына теміржолға жақын орналасқан үйлердің тұрғындары тарапынан локомотивтердің дыбысына қатысты шағымдар жиі түседі. Жуырда теміржол көлігіндегі осынау дыбыстық сигналдардың деңгейі тағы бір мәрте тексерілді.

Тексеру барысында Семей қаласындағы жеке сектор мен қоғамдық орындар, білім ордаларының аумағы баса назарға алынды. Қала маңындағы тұрғын үйлер аса тығыз орналасқан осы аумақтарды теміржол желісі көктей өтеді әрі тораптық жүк станциялары таяу болғандықтан маневрлік жұмыстар жиі жүргізіледі. Мәселен, облыс орталығындағы Жаңа-Семей және Семей станцияларының арасындағы қозғалыс жиілігі екінші тоқсанда аса жоғары болғаны байқалады.

Әйтсе де, тексеру шаралары локомотивтердің дыбыс сигналдарының деңгейі тиісті стандартқа сәйкес деген қорытынды шығарды.  

– Нұсқаулық бойынша машинистер дыбыс сигналын беруге міндетті. Мысалы, дыбыстық сигналдар пойызды жөнелту кезінде, жылжымалы құрамның станция, көпір, тоннель, өткелдер мен жаяу жүргіншілер өтетін жолдарға жақындаған кезінде беріледі. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде, жолда бөтен адамдарды байқалғанда сигналдарды қолданамыз. Дыбыстық сигналдар арнайы белгілер орнатылған тұста да беріледі. Сондықтан тепловоз гудогы естілсе, мұны теміржолдағы қауіпсіздікті сақтауға берілген нұсқаулықтың орындалуы деп түсіну керек, – дейді ТЧЭ-24 мекемесінің тепловоз машинисі Мейрамғали Нұрбаев.  

Жалпы, локомотивтердің дыбыс сигналының деңгейі теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей байланысты екендігі белгілі.  

– Бүгінгі қалалықтар желі бойының аса қауіпті аймақ екенін ескере бермейді. Тұрғындар, әсіресе балалар мен жасөспірімдер теміржол маңында рұқсат етілмеген жерлерден жүгіріп өтеді немесе құлаққап тағып, рельс бойымен жүреді. Тіпті, қорқыныш дегенді қойған. Осындай жағдайларда локомотивтің дыбыс сигналы өте маңызды. Алдағы уақыттарда тұрғындармен кездесулер барысында ол жайында да түсінік беретін боламыз, – дейді Семей ЖТ бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі қызметі бөлімінің бастығы Расул Кәукен.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті