Малдың теміржол бойына шығып кету жағдайы азаймай тұр

Қауіпсіздік
26.09.2023, 09:20
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жолға малдың шығып кету мәселесі өзектілігін жоймай отыр. Теміржолшылардың жылдағы жырына айналған бұл түйткілді шешетін қандай жолдар бар? Оған халық не дейді, күнкөріс үшін өсіріп отырған малының арам қатқаны тұрғындарға да жақсы болмаса керек?!

Мәселен, биыл жыл басынан бері Маңғыстау жол дистанциясы аумағында сегіз малды пойыз басыпты. Демек, бұл пойыздардың жолдан шығып кету қаупімен сонша рет бетпе-бет келді дегені. Мамандардың айтуынша, төрт түліктің ішіндегі терісі қалың жануарды соққан пойыздың жолдан шығып кету қаупі де жоғары болатын көрінеді. Ондай жағдайда бүкіл бір құрам аударылып, арты қандай өкінішке ұрындырары мүмкін екенін тұрғындармен кездесулерде үзбей айтып келе жатқанын жеткізді. Малға қарсы қоршауларды да жылда салып, жаңартып жатқанын алға тартады. Маңғыстау жол дистанциясы бойынша биыл 10-11 бекеттер, Шетпе ст.-13-бекет, 12-13 бекет, 12-11 бекет аралықтарының оң және сол жағына 88,7 шақырым жаңадан қоршау құрылыс жұмыстары жүргізілуде екен. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін бітіру жоспарланған.

– Осы жылы теміржолдағы шұғыл тежеу берулер көбейіп кетті. Өткен сегіз айда 148 жағдай тіркеліп, былтырғы салыстырмалы мерзімдегіден 31 дерекке артты. Соның салдарынан 7,40 тонна дизельдік отын шығын болды. 8 мал пойыздың астына түсті. Бұл мал Бастау – Ақбөбек бекеттері, Өзен ст. – Бастау, 10-11 бекет, 11-12 бекет, 12-13 бекет, Қарақия ст. – Жетібай ст., 14-15 бекет, Ақбөбек бекеті – Бопай ст. аралықтарында кездескен. Содан бір жағдайда ғана малдың кімдікі екені анықталмады. Қалғанында иесі табылып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 30-тарау 559-бабы 1-бөлігіне сәйкес ескерту беріліп, айыппұл салынды. Сондай жағдайлардың алдын алу жұмыстарын түрлі деңгейде өткізіп жатырмыз. Қазірге дейін жеті жүзден астам адамға түсінік жүргіздік. Мал иелеріне түсіндіріп, арнайы бақташы ұйымдастыруға аудан әкімдіктеріне хат жолдадық. Желілік полиция бөлімшесі және ауыл әкімшілігі қызметкерлерімен бірлесе теміржолға жақын Боздақ, Батыр, Баянды, Емір ауылдарында болып, тұрғындармен кездестік, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Ержан Артықбаев.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты