Вокзалдағы рейд: құқықбұзушылық жасаған 27 адам ұсталды

Қауіпсіздік
05.10.2023, 14:31
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей бөлімшесіне қарасты теміржол вокзалдары – тәуліктің кез келген уақытында жолаушылар ағыны аса мол болатын бірегей стратегиялық нысан. Сондықтан аталмыш орындарда тексеру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Желі бойындағы бекеттерден ғана емес, күн сайын жүйткитін жолаушылар пойыздарында да тағылған айыптан жалтарып, іргедегі Ресейге асығатындар көп. Жуырда көліктегі тәртіп сақшыларының күш салуымен «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, бірталай заңбұзушылықтар анықталды.    

Айта кетер бір жайт, Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерінде жыл басынан бүгінге дейін жалпы сомасы 1 900 950 теңгені құрайтын айыппұл түріндегі 173 әкімшілік құқық бұзушы тұлғаға қатысты іс бар екен. Осының ішінде өндірілмеген айыппұл сомасы 239 775 теңгені құрапты. Міне, аталмыш акция барысында рейдтік іс-шаралар нәтижесінде оның біршамасы сегіз құқық бұзушыдан мемлекет пайдасына өңдірілді. Осы іс-шараға Абай облыстық жеке сот орындаушылары да атсалысты. Сондай-ақ желілік полиция қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылды. Олар өз кезектерінде жолаушыларға салынған айыппұлдарды төлеу бойынша түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстарын да жүргізді.

– Бір бұл емес, өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасы кезеңінде, Семей ст. ЖПб-не әртүрлі құқықбұзушылық жасаған 27 адам жеткізіліді. Оның үшеуіне айыппұл салынса, қалған жолаушылармен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – дейді бұл орайда түсінік берген Семей станциясындағы ЖПб-нің әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Рүстем Абеуов.

Аталмыш сипаттағы іс-шаралар алдағы уақыттарда да тұрақты өткізілмек.  

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды