Байқау қорытындысы белгілі болды

Қауіпсіздік
17.10.2023, 09:15
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен қыркүйек айының 20-нан қазан айының 2-не дейінгі аралықта бөлімшенің Семей өңірі бойынша жүргізілген күзгі байқау бірқатар жайтты нақтылап отыр. Ол жайында өткен жұма, қазанның 13-і күні болып өткен қорытынды жиында кеңінен айтылды.  

Қазіргі таңда желі бойындағы барлық мекеме басшыларына шектеулі мерзім ішінде анықталған ескертулерді жою, жазғы жұмыстарды толық аяқтап, алдағы қатал қысқа кемшіліксіз кіру жөнінде нұсқау берілді.  

РБ-6 аппаратының ревизорлары тексеру кезінде жалпы саны 1056 кемшілік анықтапты. Тек Семей участогы бойынша 142 тыйым салу шарасы қабылданған. Биыл әсіресе коммерциялық жүк тасымалын ұйымдастыру мен локомотив шаруашылығы бойынша ескертпелер біршама көп болып тұр. Бұл орайда ескерту алған барлық мекемелер басшыларына арнайы хаттамалар мен рекомендациялар жіберіліпті. Ескертпелер арасында теміржолшылардың кәсіби біліктілігін тексеру шарасы айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеткен. Шалғай станцияларда тұратын небары үш маман ғана қойылған сұрақтан сүрінген. Бұл – бұрынғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым тәуір көрсеткіш. Сонымен қатар биылғы жылғы техникалық дәрістердің өз мезгілінде сапалы жүргізілгенін де айғақтайды.

Десек те, байқау барысында қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік саласына әлі де болса баса көңіл бөлу керектігі белгілі болған. Бөлімше теміржолшылары анықталған ақаулықтар мен кемшіліктерді жою бойынша жаппай қарқынды жұмысқа кіріскен.    

Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов сонымен қатар байқау барысында көңіл қуантарлық жаңалықтар да орын алғанына тоқталды.    

– Жағымды жаңалықтар да бар екенін айта кеткен жөн.Теміржолшылар жаз бойы өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, желі бойындағы ғимараттар мен нысандарды толық жаңалап алды, – деп атап өткен Алмас Ғылымұлы Бұқтырма станциясындағы техникалық жөндеу пункті, Үшбиік станциясының ғимараты, сонымен қатар жазғы жөндеу жұмыстары мен жаңа нысандар құрылысын өз күштері мен өз қаражаттарына мейлінше сапалы жүргізген Шар, Талды сынды бірқатар станциялар ұжымына алғыс хаттар беру туралы ұсыныс жасады.  

Жалпы, күзгі тексеру барысында бөлімше теңгеріміндегі барлық нысандардың жай-күйі сүзгіден өткен. Желі бойындағы көптеген нысандардың шатырлары қайтадан жабылып, қасбеттері әрленгені де сөз болды. Жалпы, биылғы жылы Семей ЖТ бөлімшесі бойынша бұрын-соңды болмаған жөндеу жұмыстары кең көлемде жүргізілгені аян. Аягөз, Шар, Дегелең станцияларында жаңадан ғимараттар салынды. Барлығы да осы кезеңге дейін аяқталып, пайдалануға берілген.  

Ендігі міндет қара суық түспей, анықталған барлық кемшіліктерді тез арада жою болып отыр. Қазіргі күні мекемелерге қатты отын қорын жасап, қысқа алаңсыз кіру тапсырмасы күн тәртібінде тұр. Жаз бойы жүргізілген жұмыстар алдағы қыста сыналатын болады. Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов күзгі байқауды  қорытындылап, тапсырмалардың орындалу барысы қадағаланатынын жеткізді.      

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті