Өткелге «Сергек» камерасын орнатуды сұрайды

Қауіпсіздік
19.10.2023, 10:59
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол мен автокөлік жолы қиылысатын өткелдер мәселесі соңғы жылдары жиі көтерілетін тақырыпқа айналды. Жасырын емес, өткелдегі жол-көлік оқиғасының салдары орны толмас өкінішке ұрындырып, қайғылы жағдаймен аяқталып жатқан оқиғалар аз емес.

Елімізде ғана емес, шет елдерде де теміржол өткелінде түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Соның кесірінен айдың-күннің аманында қаншама жол көлік оқиғалары орын алып, қанша адамның өмірі қиылып жатыр...  

Қауіп-қатердің алдын алып, келеңсіз жайттардың жолын кесіп, теміржол өткелдерінде жүріс-тұрыс тәртібін орнатамыз дейтін маңғыстаулық теміржолшылар тексерістер мен рейдтік шараларды жиі өткізеді. Қазан айының 10-13 аралығында Маңғыстау жол дистанциясының мамандары осы бағытта кезекті іс-шара ұйымдастырды. Жаңаөзен қаласы мен Қарақия, Мұнайлы, Маңғыстау аудандарындағы теміржолға жақын орналасқан елді мекендерге және теміржолдан өткен көлік иелерімен профилактикалық жұмыс жүргізген олар ескерту парақшаларын да таратты. Оның алдында «Назар аудар, өткел!» айлығын өткізген болатын. Осы іс-шаралар кезінде қаншама автокөлік жүргізушісін өткелден өту тәртібінен тағы бір рет хабардар етті.      

– Маңғыстау жол дистанциясына қарасты 34 теміржол өткелі бар. Оның төртеуі күзетпелі, қалғаны күзетсіз. Біз ай сайын осы өткелдерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Жыл басынан бергі тоғыз ай қорытындысы бойынша сегіз жүзден астам адаммен кездесіп, теміржолдан өту ережесін түсіндірген екенбіз. 1-31 тамыз аралығында өткен айлық аясында да бұл бағытта біраз жұмыс атқардық.  

Кейінгі кездері бір учаскеде жол-көлік оқиғасы қайталанып тұрғаны бізді алаңдатады. Маңғыстау – Өзен учаскесінде Маңғыстау-Р перрегоны 13-шақырымында 2020 жылы да, 2021 жылы да осындай жағдай болған еді. Биылғы жазда дәл сол жерде тағы да екі рет жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткел көлік қатынасы жиі жолдың бойында. Ол жерден Құрыққа кететін, әскери бөлімге баратын Батыр ауылы бағытындағы автокөліктер көп жүреді. Соған байланысты теміржолдан өтетін автокөліктерге және жанында орналасқан елдімекен тұрғындарына, автопарк иелеріне, мекемелерге теміржолдан өтуде өте сақ болып, немқұрайлы қарамауды жиі ескертудеміз. Жоспарлы профилактикалық жұмыстардан бөлек жол полициясымен бірлесе рейдтерге де шығып тұрамыз. Тоғыз айда сегіз рет рейдтік шара жүргіздік, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Мұхтар Кульчанбаев.  

Айтуынша, дистанция мамандары өткелдегі жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында аудандық жол полициясына жақын жерлерге «сергек» камерасын қою туралы хат жолдаған. Сонда қауіп бұлты әл де болса сейіліп, ескертуді елемейтін жүргізушілер айыппұлдан сескеніп, өткелден өту ережесін сақтар еді деп санайды жолшылар.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл