ҚТЖ жұмысшыларын сапалы да қауіпсіз киіммен қамтамасыз етіп отыр

Қауіпсіздік
02.11.2023, 15:33
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздегі ең ірі жұмыс беруші «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өндірістік қауіпсіздік пен еңбек қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр.  Бұл мәселеде маңыздысы теміржолшылардың сапалы арнайы киіммен қамтамасыз етілуі.  

Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, ұлттық компания жеткізушіге тапсырыс берер алдында арнайы киімдердің еңбеккерлердің қызметіне қарай лайықты болуын басты назарға алып, сәйкесінше осы қатаң талаптар тізілген тізімді ұсынады екен.  Яғни теміржолшыларға арналған арнайы киімдер барлық қажетті пайдалану талаптарына жауап берулері тиіс, тозуға, аязға және ыстыққа төзімді болумен қатар адам терісіне залал келтірмеуі, жұмыс барысында қолайлы әрі емін-еркін тыныс алуға кедергі жасамаулары керек. Қысқасы, компания озық халықаралық стандарттардың барлығының орындалуына мүдделілік танытады.  

«Теміржолшылардың арнайы киімі жалпы өндірістік ластану мен механикалық әсерлерден, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіпті химиялық заттар, электростатикалық зарядтар, тағысын тағы зиянды дүниелерден қорғау керек. Тағы бір атап өтерлігі, ҚТЖ компаниясының танымалдылығын арттыратын  брендті ілгерілету мен  корпоративтік стильдің сақталуы аса маңызды», – дейді Магистральдық желі дирекциясына қарасты Материалдық база департаментінің менеджері Рустам Төкенов.

Оның айтуынша, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес өндірісте еңбек ететін жұмысшыларға арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғану құралдары жұмыс беруші компания тарапынан сатып алынады.

Ал арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғану құралдарын сатып алу іс-шарасы қалайша жүзеге асырылады дейтін болсақ,  алдымен олар тиісті материалдық базаларға келіп түседі екен. Оларды қабылдау үшін жергілікті жерлерде еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметі мен кәсіподақ комитетінің өкілдерінен комиссия құралады. Өз кезегінде комиссия сәйкестік сертификатының, сынақ актісі мен өзге де нормативтік құжаттардың міндетті түрде болуын тексереді. Әрбір жиынтықта мөрленіп, бекітілген киім үлгісі болады.  

Арнайы киімді қабылдайтын комиссия 

Мамандардың айтуынша, арнайы киімнің сапасын жақсарту үшін ұлттық компания жыл сайын еңбеккерлер арасында сауалнама жүргізіп, оның нәтижесі бойынша сындарлы ескертулер мен ұсыныстарды қабылдап келеді.  

– Еңбек қорғау – тұрақты аттестацияны, нұсқама өткізуді, еңбек қызметінде қорғану әдістері мен тәсілдерін оқытуды талап ететін үлкен кешенді іс-шара. Сондықтан арнайы киім, аяқ киім және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету барысында қауіпсіз еңбектің ұйымдастырылуын ескеру міндетті компоненттің бірі. Мұның бәрі өндірістік апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталып отыр, – дейді Семей материалдық-техникалық базасының басшысы Е.Чукеев.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты