Күкірт қышқылы тамған жер күйіп түтіндей бастады...

Қауіпсіздік
17.11.2023, 10:22
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Әдеттегідей қарбалас жұмыс жүріп жатқан Атырау станциясына №984 жүк пойызы келді. №16 жолда құрамадан жергілікті вагондарды сұрыптау және маневр кезінде пойыз құрастырушы цистернаның астыңғы жағынан тамып тұрған ақшыл-сары түсті сұйықтықты көріп, анықтау барысында қолын күйдіріп алғаны рация арқылы станция кезекшісіне хабарланды.

Кезекші жағдайды станция басшылығы мен РЦУП-1 диспетчерлік бөліміне хабарлайды. Күкірт қышқылы тамшылаған жер күйіп түтіндей бастап, пойыз құрастырушы сол түтінге уланып оқиға орнында құлайды. Түтін айналадағы басқа да адамдардың улану қаупін тудырады. Кезекші барлық құтқару бөлімдеріне шұғыл хабарлама жіберіп, бірінші болып Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімшесінің радиациялық-химиялық байланыс бөлімі келеді. Олар атмосфералық ауадағы улы химикаттар мөлшерін анықтап, қауіпті аймақ ретінде тиісті белгі-жалаулар орнатты. ӘТЖК және желілік полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және Атырау қалалық жедел құтқару қызметінің 6 қызметкері жұқтыру аймағынан зардап шеккен пойыз құрастырушыны алып шығып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ақжайық станциясының өрт сөндіру пойызы түтіндеген тұсқа су бүркіп, өрттің алдын алады.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиевтің айтуынша, бұл жылына екі рет өткізілетін жоспарлы өрт сөндіру оқу-жаттығуы.

«Теміржол көлігімен қатты әсер ететін улы заттарды тасымалдау кезінде қауіпті жүктердің төгілуіне байланысты туындаған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау» тақырыбында шартты түрде өткен бүгінгі оқу-жаттығу ойынына қалалық деңгейдегі өртке қарсы қызмет және ең алдымен өзіміздің темір жолдың өрт сөндіру пойызы, әскерилендірілген күзет, желілік полиция, бөлімше санитарлық посты, қалпына келтіру пойызы, электрмен қамту, жол, байланыс дистанциялары мамандары қатысты. Барлығы 150 адам, 1 пойыз және 30 техника осы шараға жұмылдырылып отыр. Бұл жеке құрам мен өртке қатысы бар құрылымдық мекемелердің төтенше жағдайға дайындығын тексеру әрі шыңдау үшін, апатты жағдайда шұғыл шешім қабылдауға үйрену үшін қажетті шара, – дейді ол.  

Сөйтіп, улы заттармен және тілсіз жаумен күрес әп-сәтте-ақ басталып, жедел түрде сөндірілді. Алдымен Ақжайық өрт сөндіру пойызының командасы «өртке оранған» вагонды сумен салқындатып тұрды, өйткені мұнай өнімдері, соның ішінде күкірт қышқылы тез тұтанғыш әрі сөнуі қиын. Сол себепті көбікті көлік жеткенше осылай амалдай тұрып, одан кейін вагон қалың көбікпен жабылып, өрт ошағы толық сөндірілді.  

«Осы шараға станцияның жүк тиейтін бөлігіндегі екінші жолды бөліп, оқу-жаттығудың ойдағыдай өтуіне барлық жағдай жасадық. Және өзіміз де қатысып, алда-жалда апатты жағдай орын алғанда, улану қаупі туындағанда қалай қимылдау қажеттігін тағы да пысықтадық», – дейді станцияның бас инженері Бекжан Жиенбетов.  

Жоспарлы оқу-жаттығу барлық құрылымдардың төтенше жағдайға дайын екенін көрсетті.  

 

Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
10.06.2026
Олжас Бектенов туристік бағыттар бойынша теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды
Әлемде
10.06.2026
TGV-M жүрдек пойызы 2026 жылдың қыркүйегіннен жолаушыларды таси бастайды
Трансформация
10.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік саясаты: қызметкерлерді қолдау мен өңірлерді дамыту бағыты
Жаңалықтар
09.06.2026
Алматы өңірінде теміржол инфрақұрылымын көктемгі тексерудің қорытындысы шығарылды
Жаңалықтар
09.06.2026
Құрық пен Махачкала порттары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жолаушылар тасымалы
09.06.2026
ҚТЖ жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдамақ
Жүк тасымалы
09.06.2026
Алашаңқай станциясында алғаш рет қатты желдің салдарынан 14 төтенше дайындық режимі енгізілді
Сұхбат
09.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы теміржол қатынасын қалай дамытып жатыр?
Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық
Аймақтар
09.06.2026
Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды
Жаңалықтар / Мұрағат
09.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №44 9 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
08.06.2026
Вокзалда тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды
Аймақтар
08.06.2026
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет