Семейлік теміржолшылар кәсіби біліктіліктерін шыңдады

Қауіпсіздік
20.11.2023, 14:30
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей станциясында өткен тактикалық жаттығуда жергілікті теміржолшылар қауіпті жүк тасымалдауда кәсіби біліктіліктерін шыңдап, тосын жағдай кезінде әрекет ету шарттарын пысықтады.  

Қауіпті жүктер тасымалы қашан да қырағы назарда болады. Өйткені, аты айтып тұрғандай, қауіпті жүктен қатер көп. Сондықтан жүк станциялары қызметкерлері  қауіпсіздік талаптарын барынша сақтау міндет. Жуырда семейлік теміржолшылар тораптық Семей станциясында төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлескен түрде тактикалық жаттығу жұмыстарын өткізді. Аталмыш шараға станция қызметкерлері мен төтеншеліктер ғана емес, жедел жәрдем дәрігерлері мен тәртіп сақшылары да қатысты.

Оқиға шартты түрде өрбіді. Атап айтсақ, вагон қараушы келіп тоқтаған вагондарды тексеру барысында төгілген күкірт қышқылына уланады. Бұл жайтты оператор бірден диспетчерлерге хабарлайды. Олар өз кезегінде бөлімше басшылығы мен құтқару қызметтеріне қоңырау шалып, оқиға орны жылдам оқшауланады.  

Тосын жағдай барысындағы бірінші талап зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету еді. Шамалы минуттар ішінде келіп жеткен жедел жәрдем вагон қараушысына реанимациялық іс-шаралар жүргізіп, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосып үлгерді.  

Жаттығудың екінші талабы – адамдар мен экологияға төнген қауіпті жылдам сейілтіп, апаттың алдын алу, ақауы бар вагонды оқшаулау. Ал осы уақыт ішінде станция басына келіп жеткен төтеншеліктер улы зат төгілген вагонды залалсыздандыру жұмыстарын бастап кеткен болатын.  

Осылайша, шамалы уақыт ішінде теміржолшылармен қоршаған ортаға төнген қауіп толықтай сейілді. Адам шығынына жол берілмеді.    

Тактикалық жаттығу барысында тәжірибе көрсеткендей, бірінші кезекте станция диспетчерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетіні анықталды. Бұл ретте олар оқиға басталған сәттен бастап әр істің уақытын белгілеп, ширақ қимылдады. Мұндай даярлық іс-шаралары станция басында кез келген уақытта орын алуы мүмкін апаттың ауыр салдарының алдын алып, желі бойындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуына ықпал етері анық.

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады