Семейде өндірістік жарақаттың алдын алуға арналған семинар өтті

Қауіпсіздік
30.11.2023, 17:04
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде «Кернеудегі өмір. Өндірістік жарақаттардың алдын алу» тақырыбында мән-маңыздылығы ерекше семинар өтті. Аталған шараға негізінен ұжым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына жауапты саналатын мекемелер мен станциялар, бөлімдер басшылары жиналды. Шараның өтуіне бөлімшенің өндірістік қауіпсіздік бөлімі мен салалық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болды.

Семинардың беташар рәсімін Семей ЖТ бөлімшесінің бас инженері Думан Жылқыбаев алғысөзбен ашып, қатысушыларға лебіз білдірді. Сонымен қатар, өндіріс орнындағы қауіпсіздік пен сақтық шаралары және биыл туындаған жазатайым оқыс оқиғалар жайлы баяндады. Оған қоса, еңбекті қорғау мақсатында ұйымдастырылған жоспарларымен де таныстырды.  

- Сіздерді жинап, семинар өткізудегі негізгі мақсат – еңбекті қорғау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша дұрыс көзқарас қалыптастыру, өндірістік жарақаттардың алдын алу, - деді өз сөзінде Думан Дәулеткелдіұлы.

Басқосуда сондай-ақ, Абай облысы бойынша еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Бауыржан Әміртаев та сөз алып, тақырып аясында сөз өрбітті. Жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек келісімшартының орындалуы, жұмыс орнындағы қауіпсіздік талаптары жайлы сөз өрбітті.  

Сонымен қатар, арнайы шақырылған мәртебелі меймандар - Семей бөлімшелік көліктегі санитарлық бақылау басқармасының бөлім басшысы Эльвира Тұрысбекова және «Семей теміржол емханасы» ЖШС-нің бөлім жетекшісі Елена Третьяковалар да тақырып аясында баяндама жасады. Бұл орайда теміржолшылар арасында жиі кездесетін сырқат түрлері жайлы сөз еткен Елена Борисовна жұмыс орнындағы өлім-жітімнің алдын алу, сала қызметкерлерінің бойында кездесетін «кәсіби сырқаттар» жайлы әңгімелеп берді.  

- Медициналық зерттеулер көрсеткендей, тепловоз машинистерімен кеңсе қызметкерлерінің арасында ең жиі кездесетен жүрек-қан тамыр аурулары желі бойында жүретін жолшылар арасында өте төмен екен. Таза ауада ұзақ болып, жаяу жүрудің артықшылығын осыдан-ақ аңғаруға болады, - деген Елена Борисовна дұрыс тамақтану, күйзеліске жол бермеу жайлы да кеңес берді. Сәйкесінше дәрігерге қойылған сауалдар да көп болды.

Сонымен қатар, жиын барысында Өскемен локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының басшысы Қанат Мақашев та баяндама жасады. Ол осы жылдың ақпан айында жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі шараларын сақтамау салдарынан орын алған тепловоз машинисінің тосын қазасы және оның себебі жайлы айтып берді. Сондай-ақ, болған оқиғаға негізделген, теміржолшылар қауымы өздері түсірген деректі фильм де көрсетілді.  

Семинар барысында «Электр тоғының ағзаға әсері», «СКД6е, 2ТЭ10М және ТЭ33А сериялы локомотивтеріндегі электр қауіпсіздігін сақтау ережелері», «Өндірістік жарақаттардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар», «Қауіпсіздік мәдениетін көтеру» сынды тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды. Теміржолшылар алдында сөз алған Бекзат Кәрімханов, Берікжан Конкашев, Айжан Ботаханова сынды өндірістік қауіпсіздік саласына жауапты мамандар тұшымды мысалдар келтіріп, тақырып аясында әңгіме өрбітті.

Басқосудың соңына таман барша айтылған фактілер сарапқа салынып, қатысушылар шақырылған мамандармен пікір алмасты.

Ал, семинардың соңында өндіріс орнында жарақтану мен оқыс жайттарға жол бермеген бірқатар станция басшылары марапатталды. Атап айтсақ, бөлімше басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Әміренов еңбек қорғау мәдениетін жоғары деңгейге көтергені үшін Суықбұлақ станциясы, Шар станциясы, Аягөз локомотив пайдалану депосы, Семей вагон пайдалдану депосы сынды бірқатар іргелі мекемелердің ұжымдарына бөлімше басшысының Алғыс хатын табыстады.

Ал, семинар аяқталған соң, кешкісін барша қонақтар, әсіресе Өскемен, Алтай, Бұқтырма станцияларынан келгендер Семейдегі Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайын аралап, руханият әлемімен танысты.

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады