Кернеудегі өмір: Семейде өндіріс орнындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге арналған семинар өтті

Қауіпсіздік
05.12.2023, 11:26
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей ЖТ бөлімшесінде «Кернеудегі өмір. Өндірістік жарақаттардың алдын алу» атты тақырыпта семинар өтті. Шараға бөлімшенің өндірістік қауіпсіздік бөлімі мен салалық кәсіподақ ұйымы ұйытқы болды.

Семинардың беташар рәсімін Семей ЖТ бөлімшесінің бас инженері Думан Жылқыбаев ашып, өндіріс орнындағы қауіпсіздік пен сақтық шаралары және биыл туындаған жазатайым оқыс оқиғалар жөнінде баяндама жасады. Еңбекті қорғау мақсатында ұйымдастырылған жоспарлармен де таныстырды.  

– Сіздерді жинап, семинар өткізудегі негізгі мақсат – еңбекті қорғау бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша дұрыс көзқарас қалыптастыру, өндірістік жарақаттардың алдын алу, – деді өз сөзінде Думан Дәулеткелдіұлы.  

Басқосуда сонымен қатар Абай облысы бойынша еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Бауыржан Әміртаев та сөз алып, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек келісімшартының орындалуы, жұмыс орнындағы қауіпсіздік талаптары жайлы сөз өрбітті.  

Сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар қатарында Семей бөлімшелік көліктегі санитарлық бақылау басқармасының бөлім басшысы Эльвира Труспекова және «Семей теміржол емханасы» ЖШС бөлім жетекшісі Елена Третьяковалар да тақырып аясында баяндама жасады. Теміржолшылар арасында жиі кездесетін сырқат түрлерін сөз еткен Елена Борисовна жұмыс орнындағы өлімжітімнің алдын алу, сала қызметкерлерінің бойында кездесетін «кәсіби сырқаттар» жайлы әңгімелеп берді.  

– Медициналық зерттеулер көрсеткендей, тепловоз машинистерімен кеңсе қызметкерлерінің арасында ең жиі кездесетін жүрек-қан тамыр аурулары желі бойында жүретін жолшылар арасында өте төмен екен. Таза ауада ұзақ болып, жаяу жүрудің артықшылығын осыдан-ақ аңғаруға болады, – деген Елена Борисовна дұрыс тамақтану, стреске жол бермеу жайлы кеңес берді. Сәйкесінше дәрігерге қойылған сауалдар да көп болды.  

Сонымен қатар жиын барысында Өскемен локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының басшысы Қанат Мақашев сөз алып, осы жылдың ақпан айында жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі шараларын сақтамау салдарынан тепловоз машинисінің тосын қазасы және оның себебі жайлы айтып берді. Сондай-ақ болған оқиғаға негізделген, теміржолшылардың өздері түсірген деректі фильм көрсетілді.  

Семинар барысында «Электр тоғының ағзаға әсері», «СКД6е, 2ТЭ10М және ТЭ33А сериялы локомотивтеріндегі электр қауіпсіздігін сақтау ережелері», «Өндірістік жарақаттардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар», «Қауіпсіздік мәдениетін көтеру» сынды тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды. Бекзат Кәрімханов, Берікжан Конкашев, Айжан Ботаханова сынды өндірістік қауіпсіздік саласына жауапты мамандар тақырып аясында әңгіме өрбітті.  

Басқосудың соңында айтылған фактілер сарапқа салынып, қатысушылар өзара пікір алмасты.  

Ал семинардың соңында өндіріс орнында жарақаттану мен оқыс жайттарға жол бермеген бірқатар станциялар басшылары марапатталды. Атап айтсақ, бөлімше басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Әміренов еңбек қорғау мәдениетін жоғары деңгейге көтергендері үшін Суықбұлақ станциясы, Шар станциясы, Аягөз локомотив пайдалану депосы, Семей вагон пайдалану депосы сынды бірқатар іргелі мекемелердің ұжымдарына бөлімше басшысының Алғыс хатын табыстады.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті