ҚТЖ объектілерінде қызметтердің өртке дайындығын тексеру жалғасуда

Қауіпсіздік
19.12.2023, 11:26

ҚТЖ барлық құрылымдарының вокзалдары, өрт пойыздары, станциялары мен кеңселері өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексерді. 

Өткен аптада 138 тексеру және жоспардан тыс өртке қарсы жаттығулар, оқытулар өткізілді. Эвакуациялау жолдары мен шығулары, өрт сөндіру құралдарының, өрт дабылы, өрт сөндіру жүйелерінің жарамдылығы тексерілді, өрт кезінде персоналдың іс-әрекеттері пысықталды.

Тексерулер көрсеткендей, теміржол өрт сөндірушілері алдағы жаңа жылдық мерекелер кезінде жұмысқа дайын. ҚТЖ желісінде тұрақты дайындық режимінде Алтынкөл, Қоскөл, Шұбаркөл және Тассай станцияларында 47 өрт сөндіру пойызы және төрт сөндіру бекеті жұмыс істейді.

Сондай-ақ, апта ішінде орталық кеңседе және ҚТЖ тобының кәсіпорындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді. Күн сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ҚТЖ әкімшілік ғимаратының қабаттарында өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шараларының сақталуын тексерумен аралау жүргізілді. 

Қосалқы мердігерлік ұйымдардың 127 қызметкерімен өрт туындаған жағдайда іс-қимыл бойынша өртке қарсы нұсқаулықтар өткізілді. Ұнтақты өрт сөндіргіштердің (ОП-5) жарамдылығы, өрт қалқандарының жинақталуы, сондай-ақ өрт және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндіру бекеттерінің болуы тексерілді. Шартты өртті сөндіру бойынша кенеттен жаттығулар өткізілді.

Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды