2023 жылы ҚТЖ үш кәсіпорны өндірісте нөлдік жарақаттануға қол жеткізді

Қауіпсіздік
16.01.2024, 10:51

ҚТЖ желілік деңгейдегі бөлімшелерінің 73%-і 2023 жылы өндірістік процестердің қауіпсіздігі мәселелеріне бейілділігін көрсетті.  

Бұл кәсіпорындар бес жылдан астам уақыт бойы адам өліміне әкелетін жарақатсыз жұмыс істеді. 276 кәсіпорын жиырма жылдан астам уақыт бойы жарақат алуға жол бермей келеді. Үш кәсіпорын ұзақ уақыт – 30 жылдан астам - жазатайым оқиғаларсыз жұмыс істейді. Олардың қатарында Сексеуіл локомотив пайдалану  депосы, Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы және Қазалы энергиямен жабдықтау дистанциясы бар.

Сексеуіл локомотив депосы 1904 жылы құрылған. Қызметкерлердің жалпы саны 387 адамды құрайды, оның 269-сы локомотив бригадалары. Депо машинистері Сексеуіл – Шалқар – Қандыағаш - Ақтөбе, Сексеуіл - Қазалы және Сексеуіл - Қоскөл учаскелерінде жүк тасымалдайды. 2021 жылы депоға 1-класты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сенім сертификаты табысталды.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы -"Атырау магистральдық желі бөлімшесі" Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясында 198 адам жұмыс істейді. Дистанция ұзындығы 267 км Атырау - Сағыз учаскесінде теміржол автоматикасына, телемеханика мен байланысқа қызмет көрсетумен және жөндеумен айналысады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалы -"Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі" Қазалы электрмен жабдықтау дистанциясы 1977 жылы құрылды. Штатта 146 адам бар. Дистанция магистральдық теміржол желісіне іргелес тұтынушыларды және электр энергиясының басқа көздері жоқ елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорындарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша қызметкерлер үнемі оқытылады. Барлық жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келеді, қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету, демалыс және тамақтану бөлмелерін жабдықтау.мәселелеріне ерекше назар аударылады.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл