Темір жол қауіпсіздігіне қасақана қауіп төндірген мал иелеріне 18 460 теңге айыппұл қарастырылған

Қауіпсіздік
19.01.2024, 10:30
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

2024 жылдың алғашқы екі аптасында Қандыағаш жол дистанциясы аумағында жолға малдың шығып кетуіне байланысты 8 оқиға тіркелді. Оның үш жағдайында жылжымалы құрам малды басып кеткен.

Ал өткен жылы 200-ден аса мұндай жағдай тіркелді. Теміржолшылар қауіпсіздікке қатысты заң шараларын күшейту қажет деп санайды. 

Қандыағаш жол дистанциясының басшылығы тарапынан желілік полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер, арнайы акциялар, түсіндіру жұмыстары ұдайы өткізіліп келеді. Бірақ нәтиже аз. Малдың жолға шығып кету оқиғасы азаймай тұр. Әсіресе Қандыағаш-Шұбарқұдық, Шұбарқұдық-Қарауылкелді, Қарауылкелді-Сағыз, Қандыағаш-Тоқмансай телімдерінде бақташысыз жүрген мал көп. Оның ішінде Разъезд.313 – Разъезд.312, Разъезд.142 – Кенжалы, Тоқмансай – Бақай аралықтарында мал басу оқиғалары жиі тіркелген. 

Өткен жылы иесіз малдың жолға шығып кетуіне байланысты 217 оқиға тіркеліп, оның ішінде 9 жағдайда мал басылған. Дистанциядағы кейбір бригадалар күні-түні жолды малдан қорумен айналысып жүр. Өлген малдың иесін таңбасы немесе GPS арқылы анықтап, хабарласқан жағдайдың өзінде мал иелері жауапкершіліктен жалтарып, мойындаудан бас тартатын көрінеді.

«Жолдың жиегінде жүрген малдың иесін тауып, хабарласқанның өзінде айдап алып кетуге асықпайды. Ішкі істер қызметкерлері мен әкімшілік өкілдерімен біріккен жұмыстар да нәтижесін бермей отыр. Қолданыстағы заңда темір жол қауіпсіздігіне қасақана қауіп төндірген мал иелеріне 18 460 теңге айыппұл қарастырылған. Оны дер кезінде төлесе, айыппұл көлемі 50 пайызға азаяды. Жеке қожалық иелеріне бұл айыппұлды төлеп, ары қарай малын тағы қараусыз қалдырады. Сондықтан біздің ұсынысымыз, бұл айыппұлды ұлғайту немесе жағдай қайталанса, айыппұл мөлшерін бірнеше есеге арттыру қажет. Мүмкін сол кезде мал иелері жауапкершілікті сезінер. Себебі қазіргі таңда мал ұстайтын шаруа қожалықтары көбейген, темір жолды малдан толықтай қорғау мүмкін болмай отыр», – деді Қандыағаш жол дистанциясы басшысының орынбасары А. Рыспаев. 

Айтуынша, қазіргі таңда теміржолшылар тарапынан әлеуметтік желілерде бейнетүсірілімдер таратылып, жергілікті аудан әкімдеріне тиісті шара қабылдау жөнінде хаттар жолданған. 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады