Семейде болған алапат өртке өрт сөндіру пойызы тартылды

Қауіпсіздік
09.02.2024, 09:32
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Апта ортасында Семей қаласындағы ірі сауда үйінде болған алапат өртті сөндіруге теміржолдың өрт сөндіру пойыздары да тартылды. Өрт ошағы магистраль бойынан шамамен небәрі 300 метр қашықтықта орын алғандықтан бұл қолайлы әрі қауіпті шара еді.

Семей ЖТ бөлімшесінің басшылығы төтеншеліктермен кеңесе келе жедел қимылдарға көшіп, аумағы шамамен 7 мың шаршы метрді қамтыған тілсіз жауды ауыздықтауға арнайы техникаларын жұмылдырып, өрт сөндіру пойызын іске қосты. Оқиға орнынан қозыкөш жердегі Семей станциясының қызметкерлері маневрлік пойыздар қозғалысы бойынша шешім қабылдып, қырағылықты арттырды. Әйтседе, өрт сөндірушілер, тәртіп сақшылары, ұлттық «Ұлан» сарбаздары және Семей ЖТ бөлімшесі теміржолшылары бірлесіп жүргізген алапат апатты жою оңай болмады, шамамен 12 сағат бойы жүргізілген іс-шаралардан соң қауіп толықтай сейіліп, өрт сөндірілді.  

– Теміржол бойындағы нысандар мен инфрақұрылымдарға ешқандай залал келген жоқ. Жергілікті атқарушы билік пен Абай облыстық төтенше жағдайлар басқармасы біздің өрт сөндіру қызметіне алғыстарын білдіруде. Бұл оқиға теміржолшыларға қауіпсіздік шараларын нығайтып, кез-келген тосын жайтқа даяр болу керектігін ескертті, – дейді бұл орайда Семей ЖТ бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Расул Кәукенов.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті