Лаңкестіктің алдын алу мәселесі сөз болды...

Қауіпсіздік
19.02.2024, 10:13
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қоғамдық көлік қатынасындағы күн тақырыбынан түспейтін мәселелердің бірі кездейсоқ қауіп пен террорлық актілердің алдын алу, сақтық шаралары екендігі даусыз.  

Оның сыртында діни экстремизм мен радикализмге жол бермеу де маңыздылығын жоймай келеді. Жуырда семейлік теміржолшылар «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-мен бірлесіп діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық жұмыс шеңберінде кеңес өткізді. Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов қатысқан жиынға азаматтық қорғаныс саласына жауапты мамандар, жалпы теміржолшылар көп жиналды.  

Жиын барысында ішкі істер басқармасының өкілі террорлық қауіптіліктің алдын алу, стратегиялық маңызды нысандардағы қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар жиын барысында киберқауіпсіздік, соңғы уақыттары жиі көрініс таба бастаған телефон терроризмі жайлы да сөз өрбіді.

Басқосуда ҚР Заңнамасы бойынша лаңкестіктің алдын алу және экстремистік сипаттағы құқықбұзушылықтарға жол бермеу шараларын ұйымдастыру жайында да сөз болды. Терроризм мен экстремизмге қарсы тұрудағы нормативтік-құқықтық актілер таныстырылды. Соның аясында теміржол вокзалы, автобекет сынды қоғамдық орындардан күдікті зат табылған жағдайдағы іс-әрекет бойынша да түсінік берілді.

Ал дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Мақсат Ботаханов қоғамның ұйытқысы саналатын береке-бірлік, бір ұстанымның аясында болудың маңыздылығын жеткізді. Діни сенім бойынша кең көлемде түсіндіріп берді. Ең бастысы тұрақтылыққа төнер қауіп діни экстремизм сынды қоғам дертімен бірлесіп күресу жайлы айтты.  

Жиын барысында тақырып аясын қамтитын тағы да бірқатар мәселелер жөнінде сөз қозғалып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берілді.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады