Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған екі жолаушыға айыппұл салынды

Қауіпсіздік
29.02.2024, 10:42
Қазақстан теміржолшысы

Пойызда ішімдік ішіп алып заң бұзатындар қатары сиремей тұр. 24 ақпанда Ақтөбе облысының «Тассай – Шалқар» аралығында тоқтату кранын жұлып алуына байланысты «Маңғышлақ – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының кестеден тыс тоқтауы орын алды. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 8 минутты құрады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көліктегі ПД қызметкерлері осы жылдың басынан бері 12 935 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған, оның ішінде алкогольдік ішімдік ішкен – 1048 жағдай тіркелген. Сондай-ақ пойыздардың тоқтату кранын жұлып алудың 10 фактісі орын алған.

Тексеру барысында көлік полицейлері Қызылорда облысының 34 жастағы тұрғынын анықтаған. Ол масаң күйінде пойыздың тоқтату кранын жұлып алған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес аталған азаматтан орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды.

Құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсіріліп, қоғамдық орында масаң күйінде болғаны және қажетсiз ретте пойызды заңсыз тоқтатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Оған 10 айлық есептік көрсеткіш (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Дәл сол күні осыған ұқсас жағдай «Алға – Бестамақ» аралығында да орын алды. Бұл жолы тоқтату кранын жұлып алған «Алматы – Ақтөбе» бағытындағы пойыздың масаң күйдегі 63 жастағы жолаушысы болып шықты. Егде жастағы азаматқа поезды өз еркімен тоқтатқаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

Естеріңізге сала кетейік, пойыздың тоқтату кранын ешбір себепсіз заңсыз жұлып алу – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратын құқық бұзушылық.

Тоқтату кранын жұлып алған жағдайда пойыздардың қозғалыс кестесі бұзылып, жолаушыларға қолайсыздықтар туындайды. Сондай-ақ пойыз кенет тоқтағандықтан жолаушылар мен пойыз қызметкерлері аяқ асты жарақат алуы мүмкін.

Өткен жылы көлік полицейлері жедел жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешенін іске асырған. Жалпы, 2023 жылы қабылданған шаралар республиканың теміржол және әуе көлігі объектілерінде тұрақты жедел жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Департаменттің қызмет көрсету учаскесінде өткен жылы барлығы 1676 қылмыстық теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтар тіркелген. Олардың ашылу деңгейі 79,6% құрады. Нәтижесінде Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің күшімен есірткі заттарының заңсыз айналымының 400-ден астам фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 428 кг түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Әуе және теміржол нысандарында барлығы 53 307 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1589 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Басқосуға қатысушылар кадрлық әлеуетті жетілдіру, сондай-ақ КПД жеке құрамының тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелерін кеңінен талқылады.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады