Жаяу жүргінші де тәртіпке бағынуы тиіс

Қауіпсіздік
11.03.2024, 14:32
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жақында «Шымкент-Манкент» және «Шымкент-Игілік» бағытындағы теміржол жиегінде тұратындар тұрғындарымен кезекті кездесу болды.  

Шымкент жол дистанциясының бастығы Дәурен Бахиев пен мекеменің жауапты мамандары Әл-Фараби мен Еңбекші ауданы әкімдігі, көлік прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы, Шымкент станциясының ЖІІБ өкілдері бірлесе отырып, қауіпсіздікке қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында жаяу жүргіншілердің арнайы белгіленген жерлер мен туннельдерден өту керектігі кеңінен айтылып, тиісті нұсқаулықтар мұқият түсіндірілді.

Ел ішінде жаяу жүргіншілер көпірлерін пайдаланбай қоршауларды сындырып, теміржол желілерін кесіп өту арқылы өз өміріне қауіп төндіретіндер аз емес көрінеді. Мұндай жағдайда, тәртіп бұзушылар жазасыз қалмай, жауапкершілікке тартылатынын айтады сала мамандары. Мәселен, теміржолдың белгіленбеген жерінен өту – 3 айлық есептік көрсеткіш (11 076 теңге) көлемінде айыппұл салуға негіз болса, бұзақылық әрекетке барып, жолаушылар вагондарының әйнегін сындырған жағдайда тәртіп бұзушы 200 АЕК-тен жоғары айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Мұның бәрі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте тайға таңба басқандай, анық жазылған. Сондай-ақ кодекстің 559-бабында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер үшін жауапкершілік оның ата-анасына жүктелетіні айтылған. Жалпы, құқық қорғау органы өкілдерінің түсіндіруінше, 16 жастан асқан кінәлілерге әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылады және тексеру кезінде анықталған заң бұзу әрекеті республикалық бірыңғай базаға енгізіледі. Ал салынған айыппұл сомасы ата-ана тарапынан төленбеген жағдайда, олардың төлем карточкаларын бұғаттау заңда көрсетілген. Бұған қоса мектеп оқушыларына түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз немесе ересек адамсыз көшеде жүрулеріне жол берілмейтіні ескертілді.  

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты