Су тасқыны: Семейлік теміржолшылар күшейтілген режимге көшті

Қауіпсіздік
01.04.2024, 17:16
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүкіл Қазақстанды әбігерге салған көктемгі қызыл су тасқыны семейліктерді де күшейтілген режимде жұмыс жүргізуге мәжбүрлеуде. Өткен аптада желі бойында қарғын судан келер қауіп күрт артты. Теміржолшылар қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында қырағылық шараларын күшейтіп,  жұмыстарын ширата түсті.

Ауа температурасының күрт көтерілуі себепті әсіресе Аягөз-Жарма-Жаңғызтөбе, Шар-Жаңа-Семей, Семей-Белағаш телімдері бойынша қауіп әлі де бар. Аягөз, Үшбиік, Шар станцияларының шеткі көшелеріне сай-саладан аққан қызыл су кіріп те үлгерді. Аталмыш бағыттағы желі бойымен өтетін автомобиль жолдарының кейбір бөліктерін де су шайып, көпірлер қирады. Соның себебінен автокөліктер   қозғалысы шектелді. Десек те, қызыл су теміржол төсемдеріне залал келтіре алған жоқ. Қозғалыс барысы штаттық режимде жүргізілуде.  

Семей магистральдық желі басшылығы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс аумағындағы тірек гидротехникалық құрылыстардың және су объектілерінің жай-күйіне күнделікті мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл орайда құрылған жұмыс тобы өңірдегі еріген қар сулары жиналған аймақтарды, соның ішінде биылғы жылғы су тасқыны кезеңінде ықтимал қауіпті орындарды тұрақты түрде тексеруде.  

Бүгінгі таңда ел шығысы бойынша барлығы 95 Гидротехникалық құрылыс бар екен. Оның біршамасы желі бойына таяу орналасқан. Қазір олардың барлығына дерлік тәуліктік бақылау орнатылған.  

Қазіргі күні желі бойындағы ахуал қалыпты. Төніп тұрған қауіп жоқ. Басты себеп, НЖС-6 бөлімшесіне тиесілі 440 көпір, 368 құбыр, 181 км арық, 1216 км су жүретін арналар қардан толық аршылып, тазаланған болатын. Мұнымен қоса қажетті жағдайда шұғыл жұмылдыру үшін арнайы техникалар да толығымен даяр тұр.  

Әйтсе де, бөлімшеге қарасты Аягөз ауданында жергілікті жағдайдағы төтенше жағдайдың жариялануына байланысты теміржол мекемелері тұрғындарға көмекке келуде. Мәселен, осы өңірде тасқын су кезінде жоғалған үш азаматты іздестіруге еріктілермен қатар теміржолшы жастар да тартылды. Бұл ретте Аягөз локомотив пайдалану депосының жастары дрон аппаратын да пайдалануда.  

Станциялар басшылары жергілікті атқарушы билік өкілдерімен және төтенше жағдайлар қызметімен тығыз байланыста. Қажетті жағдай туындаса, тұрғындарды эвакуациялауға да дайын.

– Жаңғызтөбе станциясының тұсындағы республикалық маңыздағы автокөлік жолының көпірін су шайып әкеткенімен көп ұзамай қалпына келтірілді. Өңірдегі барлық жол айрықтарына кезекшілік қойып, жергілікті әкімдікпен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Кез келген жайтқа дайынбыз, – дейді бұл орайда Жарма аудандық мәслихатының депутаты, Жаңғызтөбе станциясының бастығы Азамат Нұрғалиев. Айта кетсек, бұл өткен аптада Абай облысы бойынша су тасқыны қаупі артқан ең күрделі аумақтардың бірі болатын.

Қазіргі күндері Семей ЖТ бөлімшесі бойынша, су шаю қаупі ең жоғары аумақтар ретінде Жаңа-Семей және Аягөз жол дистанциясының қарамағындағы телімдер саналады. Сондықтан ПЧ-40 пен ПЧ-42 жолшыларына күш түсіп тұр.

Әйтсе де, жағдай кез келген уақытта өзгеруі ықтимал. Себебі көршілес Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай тауының сілемдеріндегі қардың 80 пайызы әлі еріген жоқ. Ертіс бассейніндегі өзендердің көтерілу қаупі әлі де сақталып отыр. Демек, сын сағат алда...  

 

Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады