Атырау жүк тасымалында травматизмге жол берілмеді

Қауіпсіздік
06.05.2024, 16:35
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы орын алған жоқ, өндірістік травматизмге жол берілмеді. Үш айда жүк айналымы жоспардан төмен болып, жоспар бойынша негізгі он бес көрсеткіштің он бірі ғана орындалған.  

Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлім инженері Нейла Матаеваның айтуынша жүк айналымы 418,8 млн.т-кмнетто болып, орындалуы 83,4%-ды құраған, жүк тиеу тәулігіне 164 вагон болып, жоспар 133%, ал жүк түсіру 877,1 мың тонна болып, 134,9%-ды құрапты. Жүк айналымының төмен болуына орташа жүк тиеудің және тиелген жүк вагондарының кемуі, транзиттік тасымалдың азаюы, пропан, бутан, мазут, кокс, күкірт ксилол тиеудің азайғаны, жүктерді экспортқа тиеуге конвенциялық тыйым қойылуы, ішкі-сыртқы түйіспелер бойынша вагондар саны, пойыз қабылдау азайып кеткені себеп болған.  – Бөлімшеде қазіргі уақытта 979 адам еңбек етсе, соның ішінде 324 қызметкер жүк жұмысымен айналысады. Алғашқы тоқсанда жүк тиелу көрсеткіші жоспар бойынша 47138 вагон, 890 000 тонна жүк болса, орындалуы 62 153 вагон, 1 млн 240 000 мың тонна, жүк түсіру көрсеткішінің орындалуы 23 569 вагонды құраған. Жүк тиелуде қозғалыс қауіпсіздігінде ақаулықтар, тасымал кезінде жүк шығындары болған жоқ. Бөлімше станцияларымен жалпы ұзындығы 921,764 км құрайтын 217 кірме жол жанасады. Оның ішінде күндік жүк айналымы 50 вагоннан төмен әртүрлі мекемелер меншігінде 187 кірме жол бар, олардың қосалқы бөлімдерімен қосып алғанда келісімшартқа отырғандары – 132. Ал күндік жүк айналымы 50 вагоннан жоғары ЕТП негізінде жұмыс жасайтын 3 кірме жол Атырау қосалқы бөлімінде келісімшартқа отырған. Кірме жолдарға вагондарды алып беру тәртібі, тиелетін және түсіретін жүктердің технологиялық уақыты мен вагондардың айналым уақыттары келісімшарттармен көрсетілген. Бөлімшеде 18 станция жүк түсіру жұмыстарына ашық, – дейді бөлімше бастығының логистика жөніндегі орынбасары Бекәділ Сауров.

Оның айтуынша, 2024 жылдың 3 айында тасымалдаудың негізгі қызметінен түскен табыс 17 млрд 655 млн 560 мың 394 теңге, жоспар 73,5% артығымен орындалған, яғни өсім 7 млрд 478 млн 115 мың 818 теңгені құраған. Алдағы уақытта бөлімше бойынша жүк тасымалы артады деген үміт бар. Өйткені жүк жөнелтушілер 2025 жылы Қарабатан станциясына 2,5 млн полиэтилен, бутадиен сынды жүк жөнелтуді, сондай-ақ Ескене станциясынан 1,5 млн тонна газ жөнелтуді жоспарлап отыр.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды